Жеміс-жидекті шіруден сақтап қалатын экологиялық аэрогел жасалды (видео)
Жеміс-жидекті шіруден сақтап қалатын экологиялық аэрогел жасалды (видео)
4 жыл бұрын 3494 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Сингапурлық ғалымдар ананастың жапырағынан жеміс-жидектің пісіп жетілуін тездететін молекуланы сіңіріп алатын экологиялық зияны жоқ аэрогел жасады.  Сингапур ұлттық университеті ғалымдарының бұл жаңалығы өз кезегінде жеміс-жидектің млн-даған тоннасын тез шіріп кетуден сақтайды, яғни, сақтау, тасымалдау кезінде, яғни, тұрып қалғаннан шіріп жарамсыз күйге түсуден сақтап, үлкен шығынға жол бермейді. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар алдымен ананас жапырағын күлдей ұсақтап, талшығын сумен және улы емес химиялық заттармен араластырған. Артынан қатырып, содан соң кептірген. Бұл процесте талшықтың құрылымы сақталған, яғни, өзгеріп кетпейді. Соңында аталмыш қоспаны белсендірілген көмір ұнтағымен өңдеп, өзгеше аэрогел алған екен. Материал жемістің пісіп-жетілуін тездететін затты – газ тәрізді этиленді жақсы сіңіреді. Аэрогел пермаганатты калия негізінде жасалған нұсқасына қарағанда этиленді 6 есе сіңіре алады. Нәтижесінде ананас аэрогел қолданылған жеміс-жидектің шіруі орташа есеппен алғанда табиғи мерзіміне қарағанда 14 күннен кейін барып шіри бастаған. Бұл технология балғын жеміс-жидекті ұзағырақ сақтауға мүмкіндік беріп, шығынға ұшыратпайды әрі әлемнің кез келген аймағына жөнелткенде бүлінбей жетуіне көмектеседі. Осынау зерттеуге басшылық еткен профессор Дуонг Хай-Мин бұл технологияны табуға талай жыл кеткенін жасырмады. Ізденістері зая кетпей ақталды. Бұл бағытта алдымен кофе ұнтағымен, артынан қант қамысымен тәжірибе жасап көргендерін, алайда, сәтсіз аяқталғанын да тілге тиек етті. Бұл материалды одан ары жетілдіріп, су сүзгісі ретінде де пайдалануға болатынын алға тартып отыр. Егер ананас аэрогеліне диэтилентриамин үстесе, материал әдеттегі ерітіндіге қарағанда никел ионын 4 есе көп сіңіріп алатын болады. Осы уақытқа дейін ананас жапырағын қоқысқа тастап келген еді фермерлер. Оны да кәдеге жаратып, экологиялық тиімді материал алуға болатынын көрсетіп берді.

0 пікір
Мұрағат