Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен науқасқа ұшып баратын болады (видео)
Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен науқасқа ұшып баратын болады (видео)
4 жыл бұрын 2557 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Great North Air (GNAAS) жедел жәрдем қызметі дәрігерге зардап шеккен, яғни, дерті жанына батқан науқасқа барынша жылдам жетуге көмектесетін, құтқарушыларға арналған  реактивті костюмді сынақтан өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. GNAAS пен Gravity Industries компаниясы арасында бір жылға жуық жүргізілген келіссіөзден кейін Ұлыбритания аумағындағы Озер өңірінде аталмыш реактивті костюмнің мүмкіндігі тексерілді. GNAAS-де өндіріске жауапты директоры әрі осынау идеяның авторы Энди Моусонның айтуынша, таудың басындағы пациентке дәрігерлер бұрынғыдай 30 минутта емес, бар-жоғы 90 секундта жетіп барады. Жанына дерт батқан науқасқа көмектесуде әрбір минут қымбат екенін ескерсек, бұл жаңалықтың маңызы қаншалықты зор екенін айтып жатудың өзі артық. Gravity Industries компаниясының негізін қалаған Ричард Браунингтің өзі реактивті костюмді киіп ұшып, сынақтан өткізді. Сынақ өткізетін жер ретінде  Озер өңірі бекер таңдалған жоқ: тік те қия беткейлері мен шатқалдары көп таулы аймаққа туристер жиі барады Саяхатшылардың кейбірі абайсыздықтан жарақат алып жатады.

0 пікір
Мұрағат