Жасушадағы электрді өлшеуге мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды
Жасушадағы электрді өлшеуге мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды
4 жыл бұрын 3371 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Чикаго қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары ойлап тапқан, Voltair деп аталатын жаңа технология түрлі функция атқаратын жасуша ішіндегі кернеуді тура мағынасында көруге әрі бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Nanotechnology  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Электр – тірі организмдердің маңызды компоненті. Биологиялық жүйеде кернеулердің айырмашылығы маңызды рөл атқарады. Кернеу жүрек қағысын реттеп, нейрондардың бір-бірімен «тілдесуіне» мүмкіндік береді. Алайда, осы уақытқа дейін органеллалар(орган. - грекше. εἶδος — түр) — жасушаның өмір сүруіне қажетті тұрақты компоненттер) – жасуша ішіндегі мембраналық (Жарғақ (мембрана) — жасушаларды, олардың ядролары мен цитоплазмасындағы жарғақты органеллаларды шектеп түратын жұқа қабықша – Уикипедия) құрылымдар мен өзге де қалған жасушалар арасындағы кернеу айырмашылығын өлшеу мүмкін болмай келген еді. Ал мына технология түрлі органелланың өз қызметін атқаруы үшін қаншалықты кернеуді пайдаланатынын білуге мүмкіндік беріп отыр. Аталған америкалық жоғарғы оқу орнындағы Кришнан зертханасы жасуша ішіне сыйып кететін титтей датчиктер жасаумен шұғылданады. Сол датчиктер арқылы жасуша ішінде қандай процестер жүріп жатқанынан хабар ала алады. Бұл өз кезегінде жасушаның қалай жұмыс істейтінін және ауру кезінде немесе басқалай себептер бойынша қалай жойылатынын білуге мүмкіндік бермек. Бұл бағыттағы зерттеуде ғалымдар тірі жасуша ішіндегі органелланың электрлі белсенділігін зерделеу үшін осы датчиктерді пайдаланды. Нейрон мембраналарында бір ақуыз бар – ионды канал – жасушаға кіретін әрі жасушадан шығатын қуатталған иондарға арналған қақпа ретінде қызмет атқарады. Бұл каналдар нейрондарға бір-бірімен байланысу үшін қажет. Бұрын жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, органелла да осыған ұқсас каналдарға ие болып шыққан, алайда, ғалымдар олардың қандай қызмет атқаратынын дәл басып айта алмаған еді. Voltair құралы осындай жауабы әлі күнге белгісіз сауалдардың шешімін табуға көмектеседі. Voltair – органеллаға арналған ДНҚ негізіндегі арнайы вольтметр. Ол жасушаның ішкі құрылымын тереңнен зерттеуге мүмкіндік береді. 

0 пікір
Мұрағат