Жасанды зерде адамзатқа төнген қауіптің бетін қайтарудың тың тәсілін ұсынды
Жасанды зерде адамзатқа төнген қауіптің бетін қайтарудың тың тәсілін ұсынды
8 ай бұрын 1200 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кливленд клиникасының ғалымдары дәрілердің ең жақсы комбинациясын және оларды қолдану мерзімін анықтайтын жасанды зерде үлгісін пайдаланып, супербактериялармен күресудің мүлдем тың әдісін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Медицина мамандары дәрі-дәрмекке төзімді бактериялық инфекциялармен күресу үшін қолданатын стратегиялардың бірі - айналмалы антибиотиктер тәсіліжатады, яғни, антибиотик түрлерін кезегімен қолдану арқылы ауруды еңсеруге саяды. Дәрілерді ауыстыру өз кезегінде бактериялардың дәрінің қандай да бір түріне төзімділігін қалыптастыруға мұрша бермейді. Бактерия белгілі бір дәрі түріне төзіиділігін қалыптастыру үшін белгілі бір уақыт керек. Бұл бағытта ғалымдар оқуға негізделген жасанды зерде үлгілерінің микробтық эволюцияның кездейсоқ табиғатына қарамастан, бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін азайтатын және олардың осалдығын барынша арттыратын дәрілік цикл режимдерін қаншалықты болжай алатынын немесе болжау мүмкіндігін бағалап көргенн еді. Соның ішінде бактерияға қарсы дәрілер тізімі мен кезегін анықтау, сондай-ақ, дәрілер циклінің кестесін жасау мүмкіндігіне баса назар аударды.

0 пікір
Мұрағат