Жасанды тері жанаспай-ақ жақындап келе жатқан обьектіні немесе субьектіні сезеді
Жасанды тері жанаспай-ақ жақындап келе жатқан обьектіні немесе субьектіні сезеді
2 жыл бұрын 1621 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер тек жанасуды ғана емес, объектіге жақындауды да анықтайтын жасанды тері ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сингапурдың Наниан технологиялық университетінің зерттеушілері қос сезімталдығы бар жасанды тері жасап шығарды. Ол нысандарды ұстағанда да, нысанаға жақындағанда да анықтайды. Бұл, айналып келгенде, түрлі материалдарды, соның ішінде полимерлерді, металдарды және адам терісін толығымен жанаспайтын режимде анықтайтын эксперименталды робот үшін жасалған нысанды сәйкестендіру технологиясы. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Наниан технологиялық университетінің доценті Ифан Уанның айтуынша, Ақпараттың көп бөлігін жанасу арқылы алатын адам терісінен айырмашылығы, бұл жасанды тері байланыссыз немесе жақын  маңдағы когнитивтік ақпаратты да алады. Зерттеу авторлары жаңа технология инженерлік электрониканың келесі буынында, оның ішінде адам мен машина интерфейсінде, робототехникада, протездер жасауда және толықтырылған шындық қолданбаларымен жұмыс істеуде пайдалы болады деп есептейді. Тактилді сезім – робототехника саласындағы әлі еңсерілмеген проблемалардың бірі. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген инженерлер жасанды құрылғыларға арналған сезімтал жабындарды жасаумен айналысуда.

Ұқсас материалдар: 

«Ақылды тері» жасалды: жәндік шақса да, оқ атса да ауырсынуды сезінесіз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqyldy-teri-jasaldy-jandik-shaqsa-da-oq-atsa-da-auyrsynudy-sezinesiz-video-18061/#gsc.tab=0);

«Арабтар жасанды тері жасады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-jasandy-teri-jasady-14485/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат