Жас ұлғайған сайын неге адамның қарны шығады?
Жас ұлғайған сайын неге адамның қарны шығады?
3 жыл бұрын 5845 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Неміс және америкалық ғалымдар адамның жасы ұлғайған сайын қарнының неге шығатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell Metabolism мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың мәлімдеуінше, жас ұлғайған сайын организмнің майды қорыту қабілеті төмендейді, осының салдарынан май тері мен еттің арасына, ішкі ағзалардың айналасына, бұлшық етке жиналады. Әсіресе, организмде майдың жиналғанын  іш қуысында висцералды майдың қалыптасқанынан байқалады. Аталған майдың мөлшері көбейсе, адам семіріп, екінші типті сусамырға шалдығу, т.б. аурулар қатері артады. Йелдегі медицина мектебінің салыстырмалы медицина және иммундық биология профессоры Дипа Дикситаның жетекшілігімен жүргізілген зерттеу нәтижесінен анықталғандай, кәрі мысықтың ішмайында иммундық В жасушасы көбейеді, бұл өз кезегінде зам алмасу процесін бұзып, қабынуды тудырады. Ал жас организмге инфекция түскенде В жасушалары артады, артынан кемиді. Ал жас ұлғайған сайын ол тек кеми береді.

0 пікір
Мұрағат