Жас мұсылман әйел фармацевтикада жаңа технология ойлап тапты
Жас мұсылман әйел фармацевтикада жаңа технология ойлап тапты
2 жыл бұрын 1404 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Асыр Ауад (суретте - ред.) есімді 29 жастағы араб әйел фармацевтика саласында бірнеше жаңа технология енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның ғылымға келуіне, сенесіз бе, жол-көлік апаты себеп болған екен. Асыр ата-анасымен Иордания астанасына медициналық институтқа құжат тапсыру үшін сапар шегеді. Алайда, жолда көлік жол апатына ұшырап, Асыр емханадан бір-ақ шығады. Медициналық факултетке құжат тапсырып үлгермейді, осыған байланысты фармацевтика факултетін таңдауына тура келеді. Бұл таңдауының тағдырлық мәні бар болып шықты: ол британиялық жоғарғы оқу орындарының бірінде ғылыми қызметкер болып орналасады, зерттеу еңбектері үшін бірнеше академиялық марапатқа ие болады. 2022 жылы оны Халықаралық фармацевтика федерациясы «Жарқырай туып келе жатқан жұлдыз» деп атады. Ал оның нақты ғылыми жетістіктеріне тоқталсақ, персоналды медицина бағытында ізденіп, емделушіге ең ыңғайлы түрде (таблеткалардың немесе капсулалардың пішінін өзгерте отырып) 3D принтерде дәрілерді басып шығару технологиясын ойлап тапты. Бұдан бөлек, сусыз жұтуға болатын дәрі түрлерін жасады.

0 пікір
Мұрағат