|
Жарықтың әсерімен ұшатын және өсімдікті тозаңдандыратын робот жасалды (видео)
|
Тампере университетінің инженерлері «Fairy» микроскопиялық роботын жасады. Ол бақбақ тұқымдарына ұқсайды және өсімдіктердің тозаңдануына қолайлы. Жарық сәулесінің көмегімен құрылғыны басқаруға болады. Бұл жайында islam.kz порталы SciNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Роботтың салмағы небәрі – 1,2 миллиграмм. Ол фотосезімтал сұйық кристалды эластомермен жабдықталған. Жарық әсерінен Fairy роботының беткі жағындағы қылшықтардың пішіні өзгереді. Осылайша оның қозғалысын реттейді. Инженерлер роботты GPS-пен және биосенсорлармен жабдықтауды жоспарлап отыр. Болашақта мұндай құрылғылар жаһандық жылыну мен антропогенлік факторлардан жойылып кету қаупі төнген тозаңдандырушы жәндіктерді алмастыруы тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді