Жарықты шыны сияқты өткізгенімен сырттағылардың іштегіні көруіне мүмкіндік бермейтін материал жасалды
Жарықты шыны сияқты өткізгенімен сырттағылардың іштегіні көруіне мүмкіндік бермейтін материал жасалды
7 ай бұрын 782 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жұқа әрі мөлдір пленка жарықты жақсы өткізеді, қ бөлме температурасын төмендетеді және өздігінен тазартады. Бұл туралы islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Карлсру технологиялық институтының инженерлері күн сәулесінің өтуіне мүмкіндік беретін, қосымша энергия шығармай-ақ жайлы, ішкі климатты сақтайтын және лотос жапырағы сияқты өзін-өзі тазартатын полимер негізіндегі материал жасады. Сонымен қатар, материал жарықты шашыратып, бұлыңғыр кескінді қалыптастырады. Микрофотоникалық көп функционалды полимер негізіндегі метаматериал (PMMM) силиконның микроскопиялық пирамидаларынан тұрады.  Қарапайым шыныға жағуға болатын адам шашынан да жұқа қабық түріндегі материал. Пирамидалардың ені бар болғаны 10 микрон және бірегей қасиеттерді қамтамасыз етеді. Ерекше материал өзіне түсетін жарықтың 73%-ын шашыратады, бұл қасиет материалға күңгірт реңк береді. Сонымен бірге, мұндай материал жарықты шыныдағыдан көп өткізеді: 95% - материал, 91% - шыны. Әзірлеушілер мұндай материал өсімдіктерді де қолайлы жарықпен қамтамасыз ететінін алға тартып отыр. Бұл зерттеуге атсалысқан Ган Хуанг есімді ғалымның айтуынша, жылыжайда мұндай материал егістіктің түсімін арттырады, өткені, өсімдіктерге тән фотосинтез процесінің тиімділігі шынылы жылыжайға қарағанда 9% жоғары.

0 пікір
Мұрағат