Жарықшақтанған жері өздігінен қалпына келетін бетон жасалды (видео)
Жарықшақтанған жері өздігінен қалпына келетін бетон жасалды (видео)
4 жыл бұрын 2621 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Вустер политехникалық институтының ғалымдары өздігінен қалпына келетін бетон жасады. Бұл жайында islam.kz  порталы wpi.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар жасанды құрылыс тасына арналған ұнтақты араластырар алдында  карбоангидраза деп аталатын эритроцит ферментін қосады. Өздігінен қалпына келетін материалда жарықшақ пайда болса, оның құрамындағы фермент атмосферадағы көмірқышқыл газымен қосылып, кальция карбонатының кристалын түзеді. Ол автоматты түрде саңылауды бітейді. Оның құрылымы, беріктігі және өзге де өзгешеліктері бетоннан айрықшланабайды. Патенттелген аталмыш технология бір тәуліктің ішінде, яғни, 24 сағаттың ішінде миллиметрлік жарықшақты бітей алады. Бетон әлем бойынша құрылыс барысында, атап айтқанда, жол төсеуден бастап, ғимарат тұрғызуға дейін қолданылатын жасанды құрылыс материалы. Алайда, ол судың қысымынан, температураның әсерінен, жолға себілетін тұздан, ауыр салмақтан, т.б. факторлардан жарықшақ түседі. Аталған зерттеуге жетекшілік еткен азаматтық құрылыс кафедрасының доценті Нима Рахбардың айтуынша, өздігінен қалпына келетін бетон әдеттегі бетоннан төрт есе ұзақ мерзімге жарайды. Мәселен, жарамдылық орташа есеппен мерзімі кәдімгі бетонда 20 жылды құраса, мына бетонда бұл көрсеткіш – 80 жыл. Бұдан бөлек, аталған құрылыс материалының тағы бір артықшылығы барын айта кету керек – ол жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне себеп болып отырған атмосферадағы CO₂ мөлшерін азайтуға септігін тигізеді. Chatham House талдау орталығының келтірген дерегіне қарағанда, жыл сайын әлем бойынша 4 млрд тоннадан аса цемент өндіріледі. Оны өндіру барысында әлемдік көмірқышқыл газының 8%-ы бөлінеді, яғни, аталған саланың атмосфераны көмірқышқыл газымен ластау үлесі осындай.

0 пікір
Мұрағат