Жарық жылдамдығындағы әскери лазер сынақтан сәтті өтті (видео)
Жарық жылдамдығындағы әскери лазер сынақтан сәтті өтті (видео)
3 жыл бұрын 2097 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің қорғаныс министрлігіне қарасты ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыс басқармасы мен Rafael компаниясы әскери мақсатта қолдануға арналған лазерлік қаруды сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы The Times of Israel ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Полигондағы тәжірибелік масқатта жүргізілген тексеру кезінде лазерлік қару ұшқышсыз ұшатын аппаратты, миноменттен атылған оқты, сондай-ақ, зымырандарды, соның ішінде танкке қарсы зымыранды жойған. Әскери сарапшылардың аталған қару түрінің ерекшелігі мен артықшылығына қатысты берген сипатына қарағанда, әр атқан бағасы бар-жоғы 3,5 долларды құрайды, ең бастысы – жарық жылдамдығымен ата алады, бейнелеп айтқанда, қас қаққанша қағып түсіре алады. Израил қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, яғни, қорғаныс министрлігіне қарасты ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-крнструкторлық жұмыс басқармасының бастығы Ианиуа Ротема таяу болашақта мұндай лазерлік қондырғылар шекара маңында орналастырылатынын мәлімдеді. Осылайша лазерлік қару Израилдің зымыранға қарсы көп сатылы қорғаныс шебін толықтыратын болады.

0 пікір
Мұрағат