Жартылай өсімдікке айналатын жануар (видео)
Жартылай өсімдікке айналатын жануар (видео)
5 жыл бұрын 5235 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде көрмек түгілі естімеген тіршілік иелері бар. Солардың бірі – Атлант мұхитының АҚШ пен Канада жағалауы жағында тіршілік ететін Зүбәражатты элизия немесе Меруерт элизиясы (Elysia chlorotica). Оның табиғи жаратылысы – ұлу. Нақтылай түссек, теңіз шырышы. Жатық тілмен айтқанда, қабыршағы жоқ ұлу. Ол фотосинтезді (Осы тұста оқырманға кеңінен түсінікті болуы үшін ikaz.kz дерек көзінен алынған мәліметті келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: Фотосинтез — бұл өсімдіктердің жасыл жапырақтарында судан және атмосферадағы көмір қышқылы газынан хлоропластардағы хлорофиллдер сіңірген күн (жарық) энергиясын пайдалана отырып органикалық қосылыстарды синтездеу. Фотосинтез арқасында көрінетін жарықтың энергиясын ұстау және оны фотосинтез кезінде түзілетін органикалық заттарда сақталатын (қорланатын) химиялық энергияға айналдыру жүреді. Фотосинтездің маңызы өте зор. Тек, оның барлық тірінің тіршілік етуіне қажетті отын (энергия) мен атмосфералық оттекті жеткізетінін айтсақ та жеткілікті. Демек, фотоситездің рөлі әлемдік болып табылады. Фотосинтездік элемділігі сол ол оттек пен сутектің (негізінен) айналымы арқасында қазіргі атмосфераның құрамын ұстап тұрады, ол өз кезегінде Жер бетінде тіршіліктің әрі қарай жалғасуын айқындайды. Әріқарай, фотосинтез өнімдерінде қорланатын, ол шындығында, энергияның негізгі көзі, қазіргі адамзат баласы ие болып отырған энергия жайында да айта кеткен орынды. Фотосинтез жасыл өсімдіктердің клеткаларының хлоропластарында болатын хлорофилл пигментімен жарықты ұстау және сіңірілуінен басталады. Жарық хлорофилл молекуласына түскенде, оның электрондарының біреуі қозу жағдайында болады. Басқаша айтқанда, ол біршама жоғарғы энергетикалық деңгейге көшеді. Қозған электрондар басқа молекуларымен эрі қарай беріледі, нәтижесінде акцептор-молекуланың бос энергиясы артады, ал хлорофилл молекуласында түзілген «зиян» судан түсетін электронмен толығады. Бұл кезде су тотығады, нәтижесінде молекулалық оттек бөлінеді. Сонымен хлорофилл молекулаларында жарық энергиясы электрондарды біршама жоғары энергетикалық деңгейге көшіреді. Хлорофилл электрон жолындағы судың молекулаларындағы төменгі энергетикалық деңгейден электрондардың соңғы акцепторындағы жоғарғы энергетикалық деңгейдің аралық қосылыстары болып табылады.) жүзеге асырады. Ол су өсімдігі секілді қоректенеді – көмірқышқыл газымен және күн шуағымен. Таңқаларлық жайт емес пе! Оның  таңқаларлық ерекшелігі сонда – зүбәражатты элизия Алла пешенесіне жазған ғұмырының жартысын кәдуілгі ұлу секілді өткізеді, қалған бөлігін өсімдік секілді өткереді – фотосинтездің көмегімен тіршілік етеді. Осынау айрықша тіршілік иесінің гені хлоропластқа фотосинтезді жүзеге асыруына көмектесетін кейбір ақуызды кодтауға мүмкіндік береді. Жануардың бойында хлоропласт қайдан пайда болады? Жасушалы органелла әдетте тек өсімдіктерде, балдырда ғана кездеспеуші ме еді? Зүбәражатты элизия оны өзінің қорегінен – балдырдан алады. Оның ас қорыту жүйесінің ерекшелігіне байланысты. Балдыр қорытылады әрі бір мезгілде хлоропласт ас қорыту жүйесінің арнайы жасушаларымен қармалады, содан соң «қожайынның» ағзасында жинақталады. Осылайша ұлу хлоропласты балдырдан «ұрлайды». Мұны ғылым тілінде "клептопластия" деп атайды. Түсінікті тілмен айтқанда, «пластид ұрлығы» деп беріледі. Хлоропласт оның бойында жинақталған сайын фотосинтез процесі іске қосылады да өзге өсімдіктер секілді күн энергиясымен қоректенеді. Егер оған күн шуағын түсірмесек, ол қайта жануарға айналады да балдырды қорек ету арқылы тіршілігін жалғастырады.

 

0 пікір
Мұрағат