Жапон ғалымдары адам өмірін ұзартатын азықты атады
Жапон ғалымдары адам өмірін ұзартатын азықты атады
10 жыл бұрын 4780

Жапония Денсаулық сақтау және тағамтану ұлттық институтының мамандары балықтан жасалатын тағамдарды адам өмірін ұзартуға себеп болатын бірден бір азық деп атады.

Бұл туралы nur.rz порталы РБК сайтына сілтеме жасап, хаабар таратты. Ал РБК ақпарат көзі «Қазақпаратқа» сілтеме жасаған.

Мамандардың айтуынша, балық өнімдері - адам денсаулығына және көңіл күйдің жақсы болуына әсері мол, пайдалы азық.

Мұны дәлелдеу үшін ғалымдар егде жастағы 100 ер мен әйелді арнайы тәжірибе жұмыстарына қатыстырған. Олардың барлығы салауатты өмір салтын ұстанатындықтары және күнделікті тұтынатын азық-түліктері туралы дайындалған сұрақтарға жауап берген.

Арнайы сынақ нәтижесі бойынша олардың ішінде 40 пайызы балық өнімдерін тұтынатынын айтқан. Бақылай келе сол адамдардың психикалық және физикалық тұрғыда тұрақты әрі, мықтылығы анықталған.

Нәтижесінде мамандар ақуыздың адам өмірінің ұзаруына себеп болып, адам ағзасына қуат беретініне тағы бір мәрте көз жеткізген.

0 пікір
Мұрағат