Жануарлар әлемі: Күшігендердің қомағайлығы жаға ұстатты (видео)
Жануарлар әлемі: Күшігендердің қомағайлығы жаға ұстатты (видео)
10 жыл бұрын 6864

National Geographic тілшісі қызық көріп, өзінше кішігірім тәжірибе жасап көрді. Нақтырақ айтқанда, Танзаниядағы Серенгети ұлттық қорығында тіршілік ететін, өлексемен қоректенетін күшігендердің немесе таз қараның (құстың бұл түрін осылай да атайды – ред.) қалай тамақтанатынын көру үшін өлген бөкеннің (аша тұяқты, шөп қоректі түз жануары – ред.) ішіне GoPro камерасын қойған да өзі аулаққа кеткен. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Тілшінің көлігі көзден таса болысымен күшігендер бөкеннің өлексесіне жапатармағай ұмтылып, аса қатыгездікпен етін жұлмалап, толғамай жұтқан. Сұмдық көрініс: десе де зоологтар күшігендердің экожүйеде атқаратын рөлінің жоғары екенін мойындап тұр. Мәселенің мәнісі сонда: қоршаған ортаға, соның ішінде адамның денсаулығына аса қауіпті бактериялар тарататын өлекселерді қанша уақыт өткеніне қарамастан жесе де олардың ағзаларына ешқандай зиян келмейді. National Geographic өкілдері соңғы 30 жылдың ішінде таз қараларадың популяциясының 62%-ға кеміп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп отыр. Күшігендер негізінен жоғары кернеулі ток сымына ұрынып қырылып жатыр. Оның үстіне, күшігенді өздерінің ритуалында пайдаланатын көдедей көп африкалық сиқыршылардың, былайша айтқанда, браконьерлердің кесірінен де тұқымы тұздай құрып барады.

0 пікір
Мұрағат