Жадыны жақсартудың жаңа әдісі табылды: жас организмнен кәрі организмге жұлын сұйықтығын енгізу
Жадыны жақсартудың жаңа әдісі табылды: жас организмнен кәрі организмге жұлын сұйықтығын енгізу
3 жыл бұрын 1246 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Louis Reed / Unsplash

Ғалымдардан жасақталған халықаралық топ жас тышқандардың жұлын сұйықтығын кәрі кеміргіштерге енгізу арқылы кәрі тышқандардың есте сақтау қабілетін жақсартудың жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдар аталмыш тәжірибе үшін сарапшылар үлгілерді бұзбау үшін жас тышқаннан жұлын сұйықтығын аз мөлшерде алудың жолын ұзақ уақыт бойы іздеуге тура келген. Содан соң тәжірибедегі егде тышқандарды жыпылықтайтын шамды аяқтарына жіберілген электр тогымен байланыстыруға үйретілді. Осыдан кейін ғалымдар жұлын сұйықтығын бірнеше үйретілген кәрі тышқандарға енгізді. Екі аптадан соң тәжірибе үшін екі топқа бөлінген тышқандардың әрекеттері талданды: жұлын сұйықтығы енгізілгендер мен енгізілмегендердің қабілеті сарапталды. Нәтижесінде жұлын сұйықтығы енгізілгендер жарық жанғанда не болатынын жақсы есте сақтаған. Сонымен қатар, ғалымдар кейбір емделген тышқандардың миын бөліп алып, олигодендроциттерді өндіруге қатысатын егде тышқандарда сарысу факторының қалыпты деңгейінен жоғары екенін анықтады (мысалы, склероз сияқты демиелинизациялық ауруларға жауап береді).

0 пікір
Мұрағат