Израилдік стартап жануарларды пайдаланбай зертханада сүт ақуызын өндіреді
Израилдік стартап жануарларды пайдаланбай зертханада сүт ақуызын өндіреді
2 ай бұрын 1571 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдік DairyX Foods стартапы сиыр сүтін пайдаланбай зертханада сүт ақуызын алудың әдісін тапты.  Бұл инновация тағам технологиясы мен өнеркәсібін жаңа белеске көтереді. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл инновациялық тәсіл микроорганизмдермен ашытуды ұйғарады, дәлірегі, түпнұсқа казеинді - ірімшік, сүзбе және йогурт сияқты өнімдерді өндіруге қажетті мицеллаларға жинала алатын ақуыз құрылымдарын дамытуға мүмкіндік береді. Сүт өнімдерін өндірушілердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - жануарлардан алынатын ингредиенттерді алмастыратын баламасын табу. Мұндай міндет мал шаруашылығынан атмосфераға бөлінетін, жаһандық жылынуға себеп болып отырған парникті газдардың мөлшерін азайту мақсатынан туындайды. Көбінесе олар түрлі қоспаларды, соның ішінде тұрақтандырғыштар мен қоюландырғыштарды қолдануға жүгінеді, олардың сапасы мен дәмі табиғи сүтпен салыстыруға келмейді. Ал DairyX стартапы жануарларды пайдаланбай аса сапалы, дәмді баламасын ұсыну арқылы аталмыш міндетті шешуге бағытталған. Аталмыш компанияның казеиндері сиыр сүтінде кездесетін аминқышқылдарының реттілігіне (тізбегіне) ие. Бұл компания өнімдерінің генетикалық тұрғыдан түрлендірілмегенін білдіреді. Сонымен қатар, зертханада жасалған казеин дәстүрлі сүт өндірісінде кездесетін гормондар мен антибиотиктерді қажет етпейтіндіктен DairyX өнімдері қауіпсіз және экологиялық жағынан таза болып келеді.

0 пікір
Мұрағат