Ішек микробы көрші жасушасын инфекцияға шалдықтара алады
Ішек микробы көрші жасушасын инфекцияға шалдықтара алады
3 жыл бұрын 2459 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Говард медициналық институтының зертханасы Еміл Балқұс (Эмили Бальскус) колибактин деп аталатын молекуланың «ұйқыдағы» өлім қатері аса жоғары вирусты «оятатынын» алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Микробтар ішектің тар кеңістігінде өзара ресурс үшін күрес жүргізу үшін зиянды қосындылар бөледі Ал колибактин микроб жасушасына әсер ету арқылы кейбіп бактерияның генінде жасырынған аса қауіпті вирустың белсенділігін оятады. Ғалымдарға колибактиннің адам жасушыларына залал келтіретіні бұрыннан белгілі. Осы жолығ зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш қосынды ДНҚ-ны зақымдап, колоректалды қатерлі ісікке апарып соқтыруы мүмкін. Осы орайда колоректалды обыр туралы аз-кем дерек бере кетпекпіз: Колоректалды қатерлі ісік-бұл тоқішек пен тікішектің қатерлі ісіктерін біріктіретін ұжымдық түсінік. Колоректальды қатерлі ісік-бұл жиі кездесетін қатерлі ісіктүрлерінің бірі. Әлемде 25 миллионға жуық адам осы аурумен ауырады және тоқішек қатерлі ісігі барлық онкологиялық аурулардың 10% құрайды. Жыл сайын Қазақстанда 3000-ға жуық жаңа, өмірінде алғаш рет анықталған колоректалды обырдың диагнозы анықталады. Онкологиялық аурулардың құрылымында колоректалды қатерлі ісік 4-ші орында - cancercenter.kz мәлімет көзінен алынды. Дәлірегі, ғалымдар бұл тарапта колибактиннен зақымдалған ДНҚ-дегі ішкі екі спиралының дұрыс емес байланысын түзетінін анықтаған болатын. Ғалымдар соңғы тәжірибеде жасырын вирустарды тасымалдайтын бактериялармен бірге колибактин өндірушілерін өсіріп көреді. Нәтижесінде вирус бөлшектері күрт артып, вирус тасымалдайтын бактериялардың өсуі төмендеген. Бұл тәжірибе нәтижесі өз кезегінде аталған молекуланың жасушаны жоятын инфекцияның белсенділігінің оянғанын көрсетті. Осылайша ДНҚ-ның колибактинмен зақымдалуынан вирустардың оянатыны белгілі болды. Бір қызығы, микробтардың көбісі колибанктиннен қорғануға бейімделген болып шықты. Ғалымдар бактериялардың көбісіндегі осы қосындыны бейтараптандыратын (залалсыздандыратын) ақуызды кодтайтын (құлыптайтын) төзімділік генін анықтады. Ғалымдар келесі жолы ішектегі микробтарды қосындының қалай өзгертетінін (қосынды әсерінен қайсысының жоғалып, қайсысының өсіп-өнетінін) зерттеп көрмек. 

0 пікір
Мұрағат