Ішек бактериясы қауіпті сипатқа ие болып келеді – өзге ағзаларды да зақымдауға көшті
Ішек бактериясы қауіпті сипатқа ие болып келеді – өзге ағзаларды да зақымдауға көшті
2 жыл бұрын 2394 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың айтуынша, жасырынып жатқан бактерия уақыт өте келе қабыну тудырып, аутоиммундық, тіпті, жүйке-психикалық ауруларға шалдықтырады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Йел университетінің ғалымдары анықтағандай, ішек микробиотының кейбір штамдары (қоздырғыштары) ішек кедергісін еңсеріп, өзге ағзаларға шабылдайды. Бұл тарапта ішек бактериясының алдында, әсіресе, бауыр немесе лимфа түйіндері осал келеді. Ғалымдар ішекте өз микробтары жоқ тышқандарға қатысты тәжірибе жүргізіп көрген екен. Оларға ықтимал патогенді бактериялардың штаммдарының бірі енгізілді және оның дамуын бақылады. Бақылау кезінде пайда болған бактериялар тобының бірінде генетикалық мутациялар пайда бола бастаған. Олар ішектің шырышты қабатына бейімделіп, содан кейін бауыр мен лимфа түйіндеріне өткен. Қазірдің өзінде олар қабыну процесін қоздыра алатын деңгейге жеткен. Бұл бағыттағы зерттеу авторларының бірі Ноа Палм айтқандай, эволюциялық процесс әрбір жаңа жұқтырған адам арқылы жаңадан басталуы мүмкін. Дұрыс тамақтану мұндай қауіпті сценарийден қорғай алады.

Ұқсас материал:

"Ішек таяқшасы жылдан жылға антибиотикке бой бермей келеді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ishek-tayaqshasy-jyldan-jylga-antibiotikke-boi-bermei-keledi-15232/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат