Инновация: тұмауға қарсы ауыртпайтын екпе-пластыр (фото+видео)
|
Адамдардың дені бала кезінен уколдан қорқады. Ендігі жерде осынау жағымсыз процеске қарсы ауыртпайтын түрі табылды. Жуырда ғана сынақтан өткен микроине өзінің тиімділігін көрсетті. Бұған қоса, мұндай пластырды өзіңмен бірге алып жүру, тасымалдау, сақтау әлдеқайда оңайға соғады кәдімгі шприцке қарағанда. Яғни, шприцке қарағанда қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Біз сөз етіп отырған пластыр кәдімгі лейкопластыр секілді теріңізге жабыстырып аласыз. Ал оның инелері қан тамырларына енгеннен кейін аз уақыттың ішінде еріп кетеді. Бір айта кетерлігі, оны пайдаланбай алып жүргеніңізде құрғақ ұстау керек әрі салқын температурада сақтау тиіс. Ешқандай жанама әсері, былайша айтқанда, денсаулыққа зияны жоқ. Оны пайдаланып болған соң қоршаған ортаға немесе адамға зиянын тигізеді деп қорықпай қоқыс жәшігіне тастай салуыңызға болады. Бұл пластыр екпе алу үшін дәрігерге баратын уақытыңызды үнемдейді. Барлық жағынан қолайлы. Айта кетейік, бұл пластыр 2015 жылдан бері сыналып келеді. Бастапқыда сынаққа жасы 18-ден 49 жасқа дейінгі 100 адам қатысқан. Кейін олар тұмаумен мүлдем ауырмайтын болып алды. Мамандардың айтуынша, егер құрғақ және салқын жерде сақталса, микроинедегі екпе бір жылдан аса мерзімге жарамды болады. Осындай жетістіктеріне көз жеткізген мамандар алдағы уақытта шешек, т.б. ауру түрлеріне қарсы осындай екпе жасауға бел буып отыр. Бұл жаңалықтың нәтижесі The Lancet ғылыми басылымында жарық көрді.