Инженерлер ауыр іштен қан кетуді тоқтатудың жолын тапты
|
Бұл тарапта екі компоненттен тұратын жүйе зақымдалған жерде жасанды жолмен қанды ұйытып, организмнің табиғи қорғанысынан кем түспейтін етік ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массачусет технологиялық институтының биоинженерлері ауыр ішкі қан кетуді тоқтатуға көмектесетін екі компонентті жүйені ойлап тапты. Осы уақытқа дейін тек жануарларға сыналған технология болашақта жарақаттар мен ауыр жазатайым оқиғалардан кейінгі науқастардың өмірін сақтауға көмектеседі: олар ауруханаға барар жолда ауыр қан жоғалтудан ажал құшу қатерінен аулақ болады. Ішкі жарақат кезінде тромбоциттер зақымдалған жерге тартылып, қанды ұюу каскадын бастайды. Нәтижесінде тромбоциттер мен қанды ұйытатын ақуыздардан, соның ішінде фибриногеннен жабысқақ тығын пайда болады. Егер науқас жол-көлік апаты сияқты жазатайым оқиғадан ауыр жараланып, көп қан жоғалтса, мұндай жағдайда тромбоциттерден немесе фибриногеннен пайда болмайды. Осыны ескерген ғалымдар қанның ұюының екі негізгі құрамдас бөлігі - тромбоциттер мен фибриногенді жасанды денелермен алмастыратын жүйені жасады. Ғалымдар бұл бағытта белсендірілген тромбоциттермен байланыса алатын, бұрын әзірленген биоүйлесімді полимер нанобөлшектерін пайдаланды. Өлшемі 140-220 нм болатын мұндай бөлшектер зақымдану аймағына жиналады, алайда, сау ағзаларға залалын тигізбейді - мысалы, қан ұйытатын компоненттердің тыныс алатын ағзада қауіп төндіреді, яғни, жалпақ тілмен айтқанда, өкпенің «бітеп» тастамайды. Аталмыш жүйенің екінші құрамдас бөлігі ретінде инженерлер кросслин деп аталатын бөлшектерді әзірледі. Олар полиэтиленгликолден жасалған, арнайы маркерлердің көмегімен жара аймағындағы мақсатты нанобөлшектерді таба алады және қанның ұюуын имитациялайтын кластерлерді қалыптастырады. Тышқандарға жасалған тәжірибе нәтижесі бұл жүйенің аллергиялық реакция тудырмайтынын көрсетіп берді. Бұған қоса, қанды жасанды жолмен ұйытудың тиімділігі табиғи жүйесіне қарағанда әлдеқайда тұрақты болған, мәселен, қан кеткенде қан қысымын ұстап тұру үшін қолданылатын тұзды ерітіндіні енгізген кезде қалпын бұзбаған.
Тромбоциттермен байланысатын нанобөлшектер (сол жақта) және «кросслинкерлермен» толықтырылған жүйе (оң жақта). Екінші жағдайда неғұрлым тұрақты қан ұйығыштары пайда болады. Кескін: Celestine Hong et al., Advancesd Healthcare Materials
Ұқсас материал:
«Іштен қан кетуді тоқтататын көбік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ishten-qan-ketudi-toqtatatyn-kobik-video-10876/#gsc.tab=0)