Хирургиялық ота үшін наноробот жасалды (видео)
Хирургиялық ота үшін наноробот жасалды (видео)
2 жыл бұрын 1449 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Автономды (дербес) жұмыс істеу мүмкіндігі бар, әртүрлі медициналық процедураларға арналған және болашақта күрделі оталарды жасай алатын бірегей құрылғы жасалды. Бұл жайында islam.kz порталы news.cornell ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, АҚШ-та орналасқан Корнелл университетінің ғалымдары лазермен басқарылатын наноробот жасады. Мамандардың айтуынша, бұрын электронды құрылғылар сымды интерфейс арқылы басқарылып, қуаттандырылатын. Бұл тарапта өлшемі 100-ден 250 микрометрге дейінгі миниатюралық машиналар жасалды, олар лазердің көмегімен қашықтан басқарылады. Микро жұмыстың төрт аяғы бар, қозғалуға, қозғалыс бағыты мен жылдамдығын өзгертуге қабілетті. Наноробот фотоэлектрлік элементтермен жабдықталған жартылай өткізгіштерден тұрады. Осылайша, машиналар ең аз қуат тұтынуды қажет етеді. Құрылғы 1000 транзистордан жасалған, бұл салыстырмалы түрде қарапайым құрылғы: салыстыру үшін қазіргі заманғы видеокарталарда шамамен 76 миллиард транзистор бар. Нанороботтар жарыққа бағыт ала алады, әртүрлі химиялық элементтерді анықтауға, зиянды заттарды жоюға қабілетті. Мамандар болашақта роботтарды қарапайым медициналық жұмыстарға ғана емес, күрделі және жоғары дәлдіктегі хирургиялық операцияларға да қолдануға болатынына сенімді.

0 пікір
Мұрағат