Гендік терапия керең тышқанның есту қабілетін қалпына келтірді
Гендік терапия керең тышқанның есту қабілетін қалпына келтірді
3 жыл бұрын 1552 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар саңыраулықты емдеудің тың тәсілін ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бостон балалар емханасының ғалымдары кеміргіштің тұқым қуалаған, есту қабілетінен айырған гендік терапияны сәтті пайдалана алған. Ғалымдар бұл тарапта қлақтың ішкі қуысындағы сенсорлық түк тәрізді жасушасына әсер ететін геннің мутациясын түзеткен. Бұл тәсміл өз кезегінде өзге де ауруларға қатысты гендік терапияның жетілуіне септігін тигізуі мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар есту қабілетінің генетикалық тұрғыдан жоғалуына қатысы 16%-ды құрайтын STRC геніне назар аударған болатын. Аталмыш ген құлақтағы түк тәрізді жасушаның негізін құрайтын, оның тектриалды мембранамен байланысын қамтамасыз ететін стереоцилин ақуызын кодтайды. Ал бұл ақуыз өз кезегінде дыбысқа жауап ретінде вибрация тудырады. Түк тәрізді ген бұл ауытқуды аулайды әрі оны электрлі сигналға айналдырып, миға жөнелтеді. Ал STRC гені мутацияға ұшыраса, бұл процесс үзіледі. Мұндай мутацияны түзету үшін ғалымдар STRC генінің сау нұсқасын синтетикалық тасымалдаушымен (түк тәрізді жасушаларды іздейтін аденоассоциирленген вирус (AAV) қаптайды. Тәжірибедегі тышқанға осындай терапия қолданылғаннан кейін ол бірнеше аптадан соң кеміргіштің құлақтың ішкі қуысын микроскоппен зерттеген екен. Нәтижесінде түк тәрізді жасушалардың 64%-на дейін ретке келгені анықталды.  Содан соң мұның есту қабілетіне қалай әсер ететінін тексеріп көрген екен. Нәтижесінде дыбысты түрлі жиілікте ажырата алатын болып шыққан. Ғалымдар бұл әдісті енді адамдарға, дәлірегі, генетикалық тұрғыдан есту қабілетінен айырылған науқастарға қолданып көрмек.

Микроскоппен қарағандағы тышқан құлағындағы түк тәрізді жасушалар шоғыры. Сол жағындағысы STRC генінің мутациясына байланысты ретсіздікке ұшыраған, ал оң жағындағысы аталмыш әдістен кейін ретке келгені. Фото: Карл Нист-Лунд, Holt / Géléoc Lab, Бостон балалар емханасы

0 пікір
Мұрағат