Ғалымдар Wi-Fі-дың көмегімен адамдарды қабырғаның арғы жағынан көре алады
Ғалымдар Wi-Fі-дың көмегімен  адамдарды қабырғаның арғы жағынан көре алады
2 жыл бұрын 2783 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

DensePose инновациялық жүйесі адамдарды фотомаркерлерге сәйкес суретін жасайды. Бұл жайында islam.kz порталы Vice ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Карнеги Меллон университетінің зерттеушілері адамның үш өлшемді фигурасын және үй-жай қабырғаларының артындағы адамдардың қозғалысын көруге болатын әдісті ойлап тапты. Бұған Wi-Fi маршрутизаторларының көмегімен қол жеткізді. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеуде DensePose жүйесін пайдаланды. Ол фотодағы маркерлерге сәйкес адамдарды салады. Сонымен қатар, мамандар өздерінің әдісіне маршрутизаторлар жіберетін және қабылдаған Wi-Fi сигналдарының деректерін адамның координаталарымен салыстыратын нейрондық желіні енгізді. Зерттеу авторлары Wi-Fi сигналдары кедергілердің артындағы адамдарды тарту немесе анықтау қажет болса, кәдімгі RGB камераларын алмастыруға лайықты екенін түсіндірді. Кедергілерден өзге олардың әдісі нашар жарықтандыруға да көмектеседі. Мұндай жаңалыққа үрке қарайтын немесе наразы топтар мен скептиктер аталмыш технологияның адамдардың жеке өміріне қауіп төндіретінін мәлімдеді. Дегенмен, ғалымдар аталмыш технологияның артықшылықтарын тізбелеп, өз уәжін келтірді: егде жастағы адамдардың хал-жағдайын бақылауға немесе күзетілетін аумақтағы күдіктіні анықтау үшін мониторинг жүйелерін енгізуге көмектесетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат