Ғалымдар шеңберлі ДНК тізбектілігі үшін арнайы құрал ойлап тапты
Ғалымдар шеңберлі ДНК тізбектілігі үшін арнайы құрал ойлап тапты
4 жыл бұрын 2057 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Альберт университетінің генетиктері шеңберлі ДНК тізбектілігі үшін арнайы құрал ойлап тапты. Бұл жайында Nature Protocols мерзімді басылымында айтылған. Шеңберлі ДНК кейбір вирустар мен бактерияларда кездеседі. Ол біз білетін ДНК-ға ұқсамайды: яғни, екі желілі спирал тәрізді емес, шеңберде тұйықталған. Таяуда ғалымдар шеңберлі ДНК-ны адам және өсімдік жасушасының ядросынан тапты. Оны хромосомнан тыс шеңберлі ДНК (eccDNA) деп атады. Генетиктердің айтуынша, шеңберлі ДНК, сондай-ақ, қатерлі ісік жасушаларында кездеседі, тіпті, обыр жасушаларының шапшаң көбеюіне ықпал етеді. Бұл бағытта тынбай жүргізіліп жатқан зерттеу барысында ғалымдар CIDER-Seq деген атауға ие болған алгоритм негізінде шеңберлі ДНК тізбектілігі үшін құрал ойлап тапты. «Біз молекулярлы биологияның жаңа әдісі мен биоинформатиканың соны алгоритмін жасадық. Толыққанды eccDNA тізбектілігіне қол жеткізу үшін. Біздің тәсіліміз бұл молекулаларды толық ретке келтіруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде осы бағытта ізденіп жүрген ғалымдарға жасушада шын мәнінде не болып жатқанын терең түсуіне көмектеседі»,- деп мәлімдеді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Деванг Мехта. Оның айтуынша, өздерінің бұл тәсілі, әсіресе, ауылшаруашылығы саласына өте пайдалы, өйткені, ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зақымдайтын көптеген вирустар шеңберлі ДНК-ға ие.

0 пікір
Мұрағат