|
Ғалымдар саңырауқұлақты микрочиптің тірі жадысына айналдырды
|
Огайо штаты университетінің (Америка құрама штаттары) ғалымдары энергия тұтыну деңгейіін төмендетіп, электронды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік беретін ерекше құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ixbt.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, америкалық ғалымдар саңырауқұлақ негізінде биоэлектронды чип әзірледі. Мұндай микрочипті жады деректерді сақтап қана қоймай, сонымен қатар, ми секілді ақпараттарды өңдей алады. Мұндай биожэлектрлі құрылғы мемристор деп аталады. Ол өзінен өткен электрлі сигналдарды сақтап қалады. Құпиясы осында. Саңырауқұлақтар өздеріне тән өткізу қабілетін ынталандырғанға байланысты өзгерте алатын бірегей биологиялық және электрлік қасиеттерге ие, ал мұндай ерекшелік нейрондарды үйретуге көмектеседі. Зерттеушілер саңырауқұлақ үлгілерін кептіріп, оларды түрлі кернеу мен жиіліктегі бақыланатын электр импульстерін бере отырып, арнайы электрондық тізбектерге қосқан. Нәтижесінде саңырауқұлақ мемристоры электр жағдайлары арасында секундына 5850 есе жиілікпен және шамамен 90% дәлдікпен ауыса алған. Жоғары кернеу кезінде дәлдік төмендегенмен бірнеше саңырауқұлақтың желіге қосылуы мидағы нейрондық байланыстарға ұқсас тұрақтылықты қалпына келтірді. Мұндай «тірі» электр жабдығы қоршаған ортаға зиянын тигізбейтіндігімен ерекшеленеді, өйткені, саңырауқұлақ материалдары өндірісте биологиялық тұрғыдан ыдырайды және арзан; бұл факторлар сирек металдар негізіндегі әдетттегі микроэлектроникамен байланысты электрондық қалдықтар мен энергия шығындарын азайтуға көмектеседі.