Ғалымдар сана туралы тың дерек ұсынып отыр
Ғалымдар сана туралы тың дерек ұсынып отыр
2 жыл бұрын 3317 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сана - бұл өзіңді және қоршаған әлемді тануы. Бұл түйсіну субъективті блып келеді және әрбір жеке тұлғаға тән.  Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cognitive and Behavioral Neurology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бостон университетінің Шобан және Ауедисян атындағы медицина мектебінің ғалымдары сананың жаңа теориясын ұсынды, аталмыш теория сананың неліктен пайда болғанын, оның не үшін пайдалы екенін, оған қандай ауытқулар әсер ететінін, т.б. түсіндіреді. «Қысқаша айтқанда, біздің теория бойынша сана біздің бейсана миымыз арқылы болашақты қалауымызға қарай және қиялымызға қарай елестетуге және тиісінше жоспарлауға көмектесетін жад жүйесі ретінде дамыды. Бұл теорияның жаңалығы сонда - мына әлемді қабылдамайтынымызды, шешім қабылдамайтынымызды немесе әрекеттерді тікелей орындамайтынымызды болжайды. Керісінше, біз мұның бәрін бейсаналы түрде жасаймыз, содан кейін шамамен жарты секундтан соң оны саналы түрде есте сақтаймыз», деп түсіндірді аталмыш зерттеу авторы, медицина ғылымдарының докторы, неврология профессоры Ендрю Бадсон.  Ендрю Бадсон сананың бұрынғы теорияларынсыз түсіну қиындық тудыратындықтан бұл теорияны философ Кеннет Ричман, Массачусет фармацевтика және денсаулық ғылымдары колледжінің Ph.D. және Бостон колледжінің психологы, Ph.D., Елизабет Кенсингермен бірлесіп тапқанын алға тартып отыр. «Біз сана процесінің жай оғындай шапшаң рефлексті қажет ететін шығармашылық пен спортта және өзге де әрекеттерде белсенділік танытуда тым баяу жүретінін білдік. Егер сана мұндай процестерге қатыспаса, онда оның не істеп жатқанын тереңірек түсіндіріп беруіміз керек»,- деп мәлімдеді конгнитивті және мінез-құлық неврологиясы бөлімінің жетекшісі, Бостондағы ардагерлер ісі жөніндегі денсаулық сақтау жүйесінің трансляциялық конгнитивті неврология орталығының директоры Ендрю Бадсон. Ғалымдар аталмыш теория маңыздылығы неде екеніне тоқталды: біздің барлық шешімдеріміз бен әрекеттеріміз іс жүзінде бейсаналы түрде жүзеге асатынын түсіндіреді, алайда, біз оларды саналы түрде қабылдадық, деп өзімізді өзіміз алдаймыз. Ендрю Бадсонның айтуынша, адам, тіпті, өз ойын саналы бақылауда ұстай алмайды. Бақылаудың жоқтығынан ойлауды тоқтата алмаймыз. Ендрю Бадсон мен оның әріптестері Альцгеймер және басқа да алжу түрлері мен деменция, делирия, бас сақина ауруы, шизофрения, тұлғаның диссоциативті ауытқуы, аутизмнің кейбір түрлері, т.б. қоса алғанда, неврологиялық, психиатриялық ауытқулырадың бірқатарын сананың ауытқуынан орын алады, деп санайды.

(ықшамдалып алынды – ред.)

Ұқсас  материал:

«Сана мидан бөлек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sana-midan-bolek-13932/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат