Ғалымдар сал адамды аяққа тұрғызудың жаңа әдісін ойлап тапты
Ғалымдар сал адамды аяққа тұрғызудың жаңа әдісін ойлап тапты
9 жыл бұрын 2972 Baq.kz tengrinews.kz Lenta.ru

Австралияда Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің ғалымдары ересек адамның сүйек және май жасушаларын кез келген тінді қалпына келтіретін қасиетке ие бағаналы жасушаға айналдыру әдісін ойлап тапты. Бұл туралы сүйінші жаңалық "Proceedings of the National Academy of Sciences" журналында жарық көрген.

Ғылыми жұмыстың авторлары атап өткендей, жаңа әдістің көмегімен белгілі бір тінге айналатын қасиеті бар индукцияланған мультипотенттік бағаналы жасуша, немесе басқаша атауымен атағанда, прогенитарлық жасуша алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс тышқандарға жасалған сынақта өз тиімділігін көрсетті. Адамға сынақ жасау жұмыстары 2017 жылы қолға алынбақ.

Зерттеушілердің пайымынша, жаңа терапия бел омыртқасы мен мойын омыртқасы опырылып, сал болған адамдарды аяққа тұрғызуға көмектеспек. Сонымен қатар жауырын немесе буын мен бұлшық ет жарақаттарын жазуға мүмкіндік береді деген үміт бар.  

Ғалымдар молекула көлеміндей робот жасап шығарды

Швейцария ғалымдары қатерлі ісікті емдеуге арналған микророботтар жасап шығарды. Зерттеу жұмысы Science Advances басылымында жарияланды.

Басылымның мәліметінше, сфера модульді жасанды молекуланың көлемі қарапайым молекуламен бірдей. Ал cфера магниттік және электр тогын өткізу қабілетіне ие полимерлі материалдардан тұрады. Мұндай микронысандар болашақта медицинада дәрілік және химия-терапиялық дәрмектерді ағзаға жеткізу мақсатында пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат