Ғалымдар қара түстен өзге түстерді алу тәсілін тапты
|
Германия мен Қытай ғалымдары қара түстен түстердің бай палитрасын алу тәсілін тапты. Ол үшін олар материалдардың наноөлшемді үлгілерін өзгерткен еді. Ғалымдар түсіндіргендей, біздің табиғаттан көріп жүрген түстеріміз жарықты белгілі бір тәсілмен шағылыстыратын наноөлшемді үлгілерден тұрады. Мәселен, көбелектің қанаты бізге көгілдір болып көрінеді, өйткені, қанаттың беткі жағындағы титтей кертпе (саңылау) тек көгілдір түсті шағылыстырады. Әйтсе де қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің беткі жағы қара немесе ақ көрінетін себебі наноөлшемді құрылымның толық ретке келмегенінен орын алады. Бирмингем университетінің ғалымдары осы бағытта талмай ізденіп, жарықтың осынау ретсіз беткі жағынан қалай өтетінін бақылауға мүмкіндік беретін тәсілді тапты. Өзге түс алу үшін. Сондай-ақ, Германиядағы Мюнхен және Қытайдың Нанкин жоғарғы оқу орындарының ғалымдары аталмыш технологияны қылқалам иелері ғасырлар бойы қолданып келе жатқан техникамен салыстырып көрді. Ең жарқы үлгісі ретінде шыныдан жасалған Ликурга кубогын алға тартқан еді: ол егер жарық алдынан түссе жасыл, ал артынан түсірілсе қызыл болып көрінеді.