Ғалымдар қан кетуді тоқтата алатын тромбоциттерге ұқсас бөлшектер ойлап тапты
|
Пәнаралық, университетаралық зерттеу тобы медицинада төңкеріс жасауы мүмкін - қан кетуді тоқтата алатын тромбоциттер тәрізді бөлшектерді жасай алды. Бұл маңызды жаңалықты мамыр айының орта шеніне қарай Америка құрама штаттарындағы Шапман жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі ресми түрде жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Science Translational Medicine мерзімді басылымы мен hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар әзірлеген, табиғи тромбоциттерді алмастыратын жасанды түрі ауыр жарақаты бар науқастардың бойындағы тромбоциттердің тапшылығын жояды. Әдетте тромбоциттердің жетіспеушілігі сақтау уақытының шектеулі болуына байланысты туындайды. Бұл инновациялық тромбоцит тәрізді бөлшектер қанның ұю процесіне атсалысып, жараның тез жазылуына және аққан қанның тоқтауына ықпал етеді. Эндрю Лион есімді Шапман университетінің инженерлік мектебінің профессоры бұл жаңалықтың маңыздылығын айта келе оның биомедициналық инженерия әлемін жаңа белеске көтеретінін мәлімдеді. Бұл жаңалықтың маңыздысы – нәтижесі болды: синтетикалық бөлшектер бүйрек арқылы организмнен шығады; бұл жайт өз кезегінде жасанды тромбоциттің қауіпсіздігіне кепілдік береді.
Ұқсас материалдар:
"Қанның кетуін 15 секундта тоқтататын құрал жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qannyn-ketuin-15-sekundta-toqtatatyn-qural-jasaldy-20124/#gsc.tab=0);
"Қан кетуді қас қағым сәтте тоқтатын желім жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-ketudi-qas-qagym-satte-toqtatyn-jelim-jasaldy-video-16196/#gsc.tab=0);
"Іштен қан кетуді тоқтататын көбік" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ishten-qan-ketudi-toqtatatyn-kobik-video-10876/#gsc.tab=0)