Ғалымдар пластикті алмастыратын өсімдік негізіндегі тағам қаптауға арналған, микробқа қарсы пленка жасап шығарды
Ғалымдар пластикті алмастыратын өсімдік негізіндегі тағам қаптауға арналған, микробқа қарсы пленка жасап шығарды
2 жыл бұрын 1348 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Ратгерс университетінің ғалымдары тағамға қолдануға болатын өсімдік негізіндегі биологиялық ыдырайтын жабынды ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың айтуынша, жаңа процесс пластикалық тамақ орауыштарының қоршаған ортаға әсерін азайту және адам денсаулығын қорғау мүмкіндігіне ие. «Біз мұнай негізіндегі азық-түлік қаптамасынан арылып, оны биологиялық ыдырайтын және улы емес нәрсеге ауыстыруымыз керек. Ал, біздің ойлап тапқанымыз – тағам қалдықтарынан айналымдағы экономикада алуға болатын, биополимерлерді өнімдерге тікелей оралатын «ақылды» талшықтарға айналдыруға мүмкіндік беретін ауқымды технология» - деп түсіндірді аталмыш жоғарғы оқу орнының наноғылым және озық материалдарды зерттеу орталығының директоры Филипп Демокриту. Ғалымдар полисахарид/биополимер талшықтарын қолданатын орау технологиясының жаңа түрін былай сипаттайды: тор сияқты талшықты материалды шаш кептіргішке ұқсас қыздыру құрылғысы және әртүрлі пішіндер мен өлшемдегі «пленкамен қапталған» өнімдер арқылы бұрап алуға болады. Алынған тағамды орау материалы E. Coli (ішек таяқшасы) және Listeria сияқты бактериялардың кесірінен болатын бүлінуден және қоздырғыштармен күресу үшін құрамындағы микробқа қарсы агенттермен қорғайды әрі тесілмейтін немесе жыртылмайтындай берік келеді. Бұл тараптағы зерттеу материалында тығыздау үшін айналатын процесті қамтитын технология көмегімен, мәселен, авокадоның (тропикалық жеміс) жарамдылық мерзімін 50 пайызға ұзартатын биополимер алынады. Пайдаланылған жабындыны немесе қаптаманы сумен шаюға болады әрі топырақта үш күн ішінде ыдырап кетеді. Азық-түлік пленкасының жаңа түрін жасау күрделі экологиялық мәселені шешуге бағытталған: мұнай негізіндегі пластмасса өнімдері қалдықтарының тау-төбе қоқысын азайтуға көмектеседі.

Өсімдік қалдығынан экопластик жасалды 

Швейцариялық ғалымдар ПЭТ-ті алмастыратын жаңа биологиялық ыдырайтын пластик жасады. Бұл жайында islam.kz порталы SWI ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Ыстыққа төзімді және берік материал өсімдіктердің жеуге болмайтын бөліктерінен жасалған және тағамдық қаптамаларды, 3D басып шығару жіптерін және мата талшықтарын өндіруге жарамды, деп жазады SWI. Жаңа пластик өсімдік жасушаларының қатты қабырғаларын құрайтын биополимер лигниннің арқасында ПЭТ сияқты берік. Материалды +100 ° C дейін қыздыруға болады, ол оттегі мен буды өткізбейді. Экопласт химиялық жолмен қайта өңделеді немесе табиғи ортада қантқа ыдырайды.

3D принтерде басып шығарылған жаңа экопластик «жапырағы»

0 пікір
Мұрағат