Ғалымдар отынның орнына күнді пайдаланып, 1000°C-тан жоғары жылу алудың жолын тапты
Ғалымдар отынның орнына күнді пайдаланып, 1000°C-тан жоғары жылу алудың жолын тапты
6 ай бұрын 689 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Device/Casati et al

Күн энергиясы экологияға залалды қазбалы отынға балама бола алады. Бұл жайында islam.kz порталы TechXplore ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швейцариялық ғалымдар болат балқыту және цемент күйдіру үшін қазбалы отынды жағудың орнына күннің жылуын пайдалануды ұйғаратын өзгеше әдісті тапты. Олардың зерттеуі 1000°C-тан жоғары температураға жету үшін синтетикалық кварцты пайдаланып күн энергиясын алу мүмкіндігін көрсетіп берді. Бұл көміртекті көп тұтынатын салалар үшін таза энергия көзінің болашаған баянды етпек. Шыны, болат, цемент және керамика заманауи өркениеттің іргетасы: автокөлік қозғалтқыштарынан бастап зәулім ғимараттарға дейін қажет материалдар. Дегенмен, бұл материалдарды өндіру процесі 1000 ° C-тан жоғары температураны қажет етеді және жылу үшін қазбалы отынды молынан пайдалануды қажет етеді. Бұл жайт өз кезегінде климат дағдарысына себеп болып отырған атмосфераға зиянды әрі ластаушы заттардың көптеп бөлінуіне әкеледі. Бұл салалар әлемдік энергия тұтынудың 25%-н құрайды. Зерттеушілер мыңдаған айна арқылы күн сәулесінен тарайтын жылуды шоғырландыратын және сақтайтын күн қабылдағыштары арқылы таза энергия баламасын зерттеп көрген екен. Дегенмен, бұл технология күн энергиясын 1000°C жоғары температурада тиімді тасымалдауда қиындықтарға тап болуда. Күн энергиясын қабылдайтын құрылғының тиімділігін арттыру үшін ғалымдар кварц сияқты күн сәулесін аулай алатын мөлдір материалдарға жүгінді. Осындай «жылу тұзағын» жасау үшін ғалымдар тобы синтетикалық кварц таяқшасын энергия сіңіргіш ретінде қызмет ететін мөлдір емес кремний дискімен біріктірді. Ғалымдар, сонымен қатар, жылу беру моделін пайдалана отырып, түрлі жағдайларда кварцтың жылуды ұстау тиімділігін моделдеді. Нәтижесінде термиялық аулау процесі материалдарды аз энергияны пайдаланып жоғары температураға дейін қыздыруға мүмкіндік берген. Қазіргі заманғы  концентратор 1200°С температурада 40% пайдалы әрекет коэффициентіне және 500 күнге тең жарық концентрациясына ие. 300 мм кварцпен қорғалған қабылдағыш бірдей температура мен концентрацияда 70% тиімділікке қол жеткізеді. Экрандалмаған қабылдағыш осыған ұқсас сипатқа жетуі үшін кемінде 1000 күн сәулесін сіңіретін айнаны қажет етеді

0 пікір
Мұрағат