|
Ғалымдар ластанған ауаның өкпе обырын тудыратын ДНК-ға қалай әсер ететінін анықтады
|
Ластанған ауа, тіпті, ешуақытта шылым шекпеген адам өкпесінде де қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін гендер мутациясын тудыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы korrespondent.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрлі ел пациенттерінің обыр геномын талдаудан өткізген ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жаңалық өз кезегінде соңғы жылдары темекі тартпайтындар арасында да өкпе обырынан зардап шеккендер қарасының артуы секілді жат құбылыстың астарын ашып берді. Халықаралық ғалымдар тобы өкпе обыры дертіне шалдыққан 871 пациенттің ісіктеріндегі генетикалық өзгерістерді зерттеді. Зерттеу нәтижелері нақты шылым шекпейтіндер арасында мұндай қатерлі ісік пен ластанған ауаның байланысы барын көрсетті: тұратын өңірдің атмосферасында көмірқышқыл газдың шоғырлану деңгейі неғұрлым жоғары болса, сау адамның орагнизімінде қатерлі ісіктің дамуына ықпал ететін мутациялар соғұрлым көп байқалған. Әсіресе, ластанудың жоғары деңгейі бұрын темекі тарту секілді жат әдеттен пайда болатын TP53 геніндегі өзгерістерге көп ықпал еткен. Ол ол ма, қоршаған ортасы қатты ластанған өлке тұрғындары арасында хромосомның қорғаныш аймағына жататын теломердің шапшаң қысқаратыны да байқалған. Дәлірегі, жасушалардың онкологиялық процеске тән жылдамдықпен бөлінетіні байқалған еді. Калифорния университетінің сарапшылары ластанған ауаның адамның тыныс алу ағзасына темекі түтіні секілді әсер ететінін алға тартып отыр. Бүгінде осынау жат әдетке үйір адамдардың ұарасы жылдан жылға азайып келеді түрлі себептерге байланысты (соның ішінде темекі өнімдеріне күллі әлем бойынша акциздік салықтың өсуіне байланысты бағаның көтерілуі, саламатты өмір салтын ұстанушылар қатарының артуы, қоғам көзқарасының өзгеруі, т.б.), соған қарамасатан өкпе обыры дертіне шалдыққандар саны жыл сайын 10−25%-ға артып келеді. Бір Қытай аумағында жылына бір миллионнан аса адам өкпе обырынан көз жұмады. Бұл бағыттағы зерттеу қауіп-қатердің басқа да факторларын анықтады. Мәселен, Тайуанда темекі тартпайтын пациенттердің өкпесінен құрамында аристолок қышқылы бар қытайлардың шөп дәрісін қабылдаумен байланысты мутациялар анықталды. Бұдан басқа, ғалымдар тек темекі тартпайтын адамдарда кездесетін мутацияның құпия түрін тапты және қазір оның табиғатын жатпай-тұрмай зерттеуде.
Оқи отырыңыз:
Зерттеу: Лас ауа өкпе тінін өзгертіп, иммундық жүйені әлсіретеді