Ғалымдар күн сайын адамның басында қанша ой пайда болатынын анықтады
Ғалымдар күн сайын адамның басында қанша ой пайда болатынын анықтады
2 жыл бұрын 1745 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жеке ойлар бірнеше ұзақ комбинациялардан немесе бірнеше жалғыз сөзден тұруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған IFL Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біздің миымыз күніне мыңдаған ойларды өңдейтін таңғажайып және өте күрделі жүйе. Алайда, олардың саны туралы ешкім ойланып көрмепті. Канадалық Квинс университетінің зерттеушілері бір күн ішінде адамның басынан орта есеппен қанша ой өтетінін анықтауға шешім қабылдады. Зерттеушілер ми қызметінің картасына сүйене отырып, бір ойды екіншісінен ажыратуды үйренетін әдісті ойлап тапты. Ғалымдар мұны нейрондардың белсенділігінің арқасында жасады. Аталмыш әдіс бір ой аяқталып, екіншісі басталған кездегі аралыққа негізделген. Ғалымдар мидың жекелеген ойлар арасында ауысқан сайын тудыратын нақты үлгілерді талдады. Нәтижесі көрсеткендей, күніне орта есеппен адамның басында шамамен 6200 түрлі ой пайда болады. Бұл тарапта ғалымдар бұл межемен ғана шектеліп қалмай, болашақта ойлардың адамның жасымен байланысын анықтағысы келеді.

0 пікір
Мұрағат