Ғалымдар күн энегргиясын сұйық отынға айналдырды
Ғалымдар күн энегргиясын сұйық отынға айналдырды
9 жыл бұрын 3440

Батыс елдерінде кейбір көліктер қазірдің өзінен бастап күн энергиясын пайдаланады. Бұлар – күн сәулесінен қуат алатын батареямен жүретін автокөліктер мен автобустар. Олардың саны алдағы уақытта сутекті элементтің арқасында көбеюі де әбден мүмкін. Америкалық ғалымдар жанар-жағармайдың баламасын тапты – ол да сұйық, алайда, экологиялық жағынан таза, ең бастысы, тегін жатқан табиғи энергия мен бактерияның көмегімен алынады. Әлемге әйгілі Гарвард университетінің зерттеушілер тобы сіңірілген күн сәулесінің көмегімен суды сутек пен оттекке бөлуге арналған фотоэлектрлі элементі бар жасанды жапырақты пайдаланған. Содан соң изопропанол деп аталатын сұйық отынды алу үшін зертханада арнайы көбейтілген Ralstonia eutropha бактерияларды көмірқышқыл газды сутекпен араластырған. Бұл әдісте органикалық емес катализатор мен биологиялық жүйе ұштастырылады. Қазіргі уақытта күн сәулесінің изопропанолға айналғандағы тиімділігі 1 пайыздан аспайды. Ғалымдар алдағы уақытта бұл көрсеткішті 5 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл тақырыптағы мақала PNAS ғылыми басылымында жарық көрді. 

 

0 пікір
Мұрағат