Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады
Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады
5 жыл бұрын 4128 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар көк түспен жарықтандырғанда сусамырмен ауыратындарға инсулин істеп шығаратын жасушаны жасады әрі кіріктірді. Гендік инженерияның көмегімен. Бұл жайында Eurekalert ақпарат көзі ACS Synthetic Biology басылымындағы мақалаға сілтеме жасай отырып хабар таратты. Сусамыр дертіне шалдыққандар ағзасы жасушаның негізгі энергия көзі болып табылатын глюкозаны «игере» алмайды. Бұл бірнеше себептен орын алады: ұйқы безі астындағы арнайы бета-жасуша жасушаларға глюкозаны сіңіруін жүзеге асыратын инсулин гормонын істеп шығаруды доғарады (1-ші типтегі диабеттегі секілді) немесе ағза жасушалары инсулинге тиісті деңгейде жауап бере алмайды (2-ші типтегі диабетте). Қалай дегенмен де науқас дәрі немесе инсулин инъекциясын қабылдауға мәжбүр, сондай-ақ, қан құрамындағы қант мөлшерін ұдайы өлшеп тұруы тиіс шаншып тесу арқылы. Оның үстіне, ағзадағы глюкоза құрамының төмендеп кетуінен азаптанады. Бұл қолайсыздықтарды шешу үшін Тафтса университетінің жанындағы инженерия мектебінің ғалымдары оптогенетика құралдарын пайдаланған болатын. Олар аденилатциклаздың фотобелсенділікті арттыратын ферментін істеп шығаруға жауапты генмен ұйқы безі жасушасын толықтырды. Аталмыш фермент көгілдір жарықтың ықпалымен әдеттегіден екі-үш есе көп инсулин істеп шығарады – қан құрамында глюкоза деңгейі жоғары болған кезде. Алынған жасушаны ғалымдар диабетпен ауыратын, тәжірибеде пайдаланылатын тышқан терісінің астына кіріктірді. Оған көгілдір жарықты түсіргенде тышқанның халі жақсарып сала берді. Ал қан құрамындағы глюкоза концентрациясы қандай да бір дәрісіз-ақ қалыпты жағдайына жетті. Ғалымдар мұнымен ғана шектеліп қалмай алдағы уақытта жасанды ұқйы безі құрылғысын жасау үшін глюкоза датчигі мен жарық көзін имплантациялауды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат