|
Ғалымдар иісті дыбысқа айналдырып, үрейлі «үнге» куә болды (видео)
|
Ғалымдар бунақ аяқты, жарғақ қанатты, өсімдік тініне жұмыртқалайтын жәндік дернәсілінің қорғаныш иісін аудиофайлға (ойнатылатын дыбыс файлына) аударып көрді, яғни, иісті дыбысқа айналдырған. Нәтижесінде үрейлі фильмдерде ойналатын, дәлірегі, хоррорға дайын саундтрек пайда болды – қорқынышты дыбыс. Бұл жайында islam.kz порталы Patterns мерзімді басылымына (cell.com ақпарат көзіне) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған жәндік дернәсілдері жыртқыштарды үркіту үшін арнайы ұшпалы химикат бөледі. Әдетте ғалымдар олардың қорғаныш тиімділігін анықтау үшін биологиялық тест өткізіп жатады, ал энтомолог Жан-Люк Боев пен инженер-ақпаратшы Руди Джот басқа тәсілді таңдады. Олар қорғаныш иісінің химиялық құрамын дыбысқа айналдырып көрген екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...