Ғалымдар ғұмырды ұзартатын ақуызды басқаруды үйренді
Ғалымдар ғұмырды ұзартатын ақуызды басқаруды үйренді
4 жыл бұрын 2617 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореялық ғалымдар (KAIST зерттеушілері) ақуыздың белгілі түріне тәжірибе жасау барысында домалақ құрттың ғұмырын ұзарта алды. Бұл бағытта ізденіп жүрген ғалымдардың айтуынша, мұндай ақуыз адамда да бар әрі бұл жаңалық ғұмырды ұзартуға септігін тигізетін дәрі жасауға көмектеседі. VRK-1 және AMPK ақуыздары құрттың (Caenorhabditis elegans) жасушасында бірге жұмыс істейді. VRK-1 ақуызы AMPK ақуызын белсендіреді. Ал АМРК ақуызы энергия біткенде жасушаның энергетикалық деңгейіне қатысты мониторингке жауапты. Ғалымдар VRK-1 ақуызын істеп шығару туралы ақпаратты жасушаға жеткізуге жауапты геннің белсенділігін арттыруды және бәсеңдетуді үйренді. Ал аталған ген адамды қоса санағанда көптеген күрделі организмдерде кездеседі. Ғалымдар осылайша аталған геннің белсенділігін арттыру немесе бәсеңдету арқылы құрттың ғұмырын ұзартып немесе кеміте алған еді. Корей ғалымдары мүнымен ғана шектеліп қалмай, зертханада өсірілген адам жасушасына да осы тәжірибені жүргізіп көрді. Алдыңғы тәжірибенің нәтижесіндей нәтижеге куә болды. Ғалымдар бұл жаңалықты зат алмасу процесі бұзылғандарды емдеуде қолдануға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат