Ғалымдар ерлер белсіздігін емдеудің тың тәсілін тапты
Ғалымдар ерлер белсіздігін емдеудің тың тәсілін тапты
4 жыл бұрын 10225 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Mayo Clinic деп аталатын әлемдегі аса ірі коммерциялық емес жекеменшік емханасы келтірген дерекке қарағанда, әлем бойынша ерлі-зайыптылардың шамамен 15%-ы белсіздік пен бедеуліктен зардап шегеді. Ер-азаматтардың белсіздігі бұл көрсеткіштің үштен бірін құрап отыр. Белсіздіктің негізгі себептерінің біріне шәуһаттың дамуындағы кінәратты жатқызып жүр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі аталмыш жаңалыққа қатысты зерттеу материалы жарияланған ACS Nano мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, ғалымдар шәуһатты өндіруде маңызды рөл атқаратын ақуызды тапқан. Тышқанға жүргізілген тәжірибе барысында ұрықтағы шәуһаттың дамуын қалпына келтіріп, белсіздіктен зардап шегетін тышқанның ұрпақ өрбітуіне мүмкіндік берген. Әдетте ерлер белсіздігі ұрық сұйықтығындағы шәуһаттың жетіспеушілігінен орын алып жатады. Бұған көбінесе ұрықтағы Blood–testis barrier-дің (ұрық каналдары мен қан тамырлары арасындағы физиологиялық, гистогематикалық кедергінің зақымдалуы себеп болып жатады. Аталған кедергі репродуктивті жасушаларды улы заттар мен дәрі-дәрмектің кері әсерінен қорғайды, ал ғалымдар тапқан PIN1 ақуызы аталған кедергінің толыққанды жұмыс істеуіне көмектеседі. Ғалымдар гені өзгертілген, яғни, PIN1 ақуызы кездеспейтін тышқанді өсіріп көреді. Олар аталған ақуыздың болмауына байланысты белсіздіктен зардап шеккен еді. Бұрын ғалымдар ерлер белсіздігін гендік әдіспен емдеп көру жолдарын қарастырғанымен мұндай терапия қауіпті саналатын. Дәлірегі, ұрық жасушаларының генін өзгертіп, тұқым қуалайтын дертке шалдықтыру қатері жоғары болғандықтан белсіздікті генді өзгерту арқылы емдеутәсіліне жолай бермейтін. Сеул ұлттық университетінің Хён-Мо Рю есімді ғалымы бастаған топ аталық ұрыққа ақуыздарды жеткізетін жүйені табуға тырысты. Алайда, алдымен олар қажетті ақуызды аталық бездің (тестикул) күрделі каналдары арқылы жасушаға жеткізудің тәсілін табу керек болды. Нәтижесінде ғалымдар жібек фиброині мен липидті қабықшадан «жасақталған» сферикалық нанобөлшектерден тұратын, Fibroplex деп аталатын өзгеше жүйені әзірлеп шығарды. Олар PIN1 ақуызын Fibroplex жүйесіне енгізіп көргенде қажетті нанбөлшектердің қауіпті еместігіне әрі қандай да бір улы әсері жоқтығына көз жеткізеді. PIN1 ауқызын белсіздіктен зардап шегетін тышқанның аталық безіне енгізген екен – нәтижесінде шәуһаттың діңгекті жасушалары мен жоғарыда аталған кедергі қалпына келген болатын. Бұл емдеу тәсілі қолданылған тышқан шамамен бес ай өткенде ұрпақ өрбітті.

Фиброиннің капсулаға салынған нанобөлшектерін (жасыл) катиондық липидті кешеннің көмегімен тышқанның ұрығына ақуызды (қызыл флуоресценция) жеткізу ACS Nano 2020, DOI: 10.1021/acsnano.0c04936

0 пікір
Мұрағат