|
Ғалымдар энергияны “шектен тыс” үнемдейтін жады үшін табиғатта кездеспейтін материал жасады
|
Чалмерс технологиялық университетінің ғалымдары ферромагниттік және антиферромагниттік қасиеттерді бір кристалды торда біріктірудің жолын тапты. Мұндай материал дата-орталықтардың энергия тұтыну көрсеткішін 10 есеге азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірер жылдан соң цифрлы ақпаратты сақтаудың өзіне әлемдегі өндірілетін барлық энергияның 30%-ы кетеді. Осыны ескерген швециялық ғалымдар энергияны барынша аз шығындайтын жаңа жад түріне жол ашатын мейлінше жұқа, магнитті материалды жұртшылық назарына ұсынды. Ферромагнетизм және антиферромагнетизм табиғатта бір-бірінен бөлек болады. Біріншісі электрондардың реттелген арқалықтарынан магнитсіздікті тудырады, екіншісі түрлі бағыттағы арқалықтарынан айырылады. Әдетте жады үшін мұндай материалдар көп қабатты құрылымдарға қосылады. Чалмерс зерттеушілері мүмкін емес нәрсе жасады - алғаш рет екі түрді бір қабатқа біріктірді. Олар кобальт, темір, германия және теллур қорытпаларын пайдаланып, Ван-дер-Ваальстың күшімен (физикалық құбылыс, дәлірегі молекулалардың немесе атомдардың өзара әрекеттесуінен пайда болатын энергия – 10-20 кДж/молға тең) тордың түрлі элементтерін байланыстырды. Нәтижесінде электрондардың ретке келтірілген және түрлі бағыттағы арқалықтары жалпы магниттік өрісті қалыптастырды. Осындай материалдан жасалған ұяшықтың күйін ауыстыру үшін әлдеқайда әлсіз магниттік өріс қажет. Авторлардың бағалауынша, бұл жаңалық өз кезегінде энергия тұтыну деңгейін 10 есеге төмендетеді. Әлемдік дата-орталықтар үшін бұл көрсеткіш орасан зор электр қуатын үнемдеуді білдіреді.