Ғалымдар бетонды бактериялардан жасаудың жолын тапты
|
Бетонның бұл жаңа түрі строматолитке қарап жасалды. Ол экологиялық жағынан таза және өндіріс кезінде СО2-ны бөлмейді, керісінше сіңіреді. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бетон - кеңінен таралған, көп қолданылатын құрылыс материалдарының бірі. Аризона штатындағы зерттеу нәтижесіне сәйкес құрылыс саласында қолданылуы жағынан судан кейінгі екінші орында тұр. Жыл сайын адамзат құрылыста 30 миллиард тоннадан астам бетон өндіреді және пайдаланады және оған деген сұраныс тек өсуде. Дегенмен, бұл құрылыс материалының жағымсыз жағы да бар. Scientific American ғылыми танымдық мерзімді басылымының бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі бойынша 1 келі бетон өндіру кезінде ауаға 1 келі көмірқышқыл газын бөлетінін көрсетті. Бетон өндірісіндегі бұл жағымсыз процесс оны өндіруде қолданылатын химиялық реакцияларға ғана емес, сонымен қатар, оны шамамен 1450 ℃ температурада қыздыру үшін алып пештерде қазбалы отынды жағуға байланысты орын алады. Қазіргі уақытта бетон өндірісі әлемдегі атмосфераға бөлінетін көміртегінің шамамен 8%-ын құрайды. Десе де адамзат мұндай маңызды әрі танымал құрылыс материалынан бас тарт алмайды. Оның зиянын кеміту үшін өзгертуге болады. Неміс ғалымдары осылай жасады. Олар биоцемент әзірледі, ал білікті мамандар бұл тарапта строматолит сияқты құрылымдардың қалыптасу процесіне назар аударған. Табиғи ортада олар шамамен 3 миллиард жылда өседі. Зерттеушілер алдымен көк-жасыл балдырлар деп аталатын цианобактериялардан бактериялық дақылдарды жасады. Микроорганизмдердің өсуі мен фотосинтетикалық қабілетін оңтайландыру үшін жарық және қоректік көздермен қамтамасыз етілді. Содан кейін ғалымдар бактерияларды строматолит тәрізді құрылымдарға минералдануға мәжбүрлеу үшін бірнеше кальций көздерін пайдаланды. Содан соң қоспаға әдеттегі бетон өндірісіне ұқсас гидрогел мен түрлі қоспала (құм, ағаш және т.б.) қосылды. Соңында, жарықпен өсу процесін ынталандыру үшін көмірқышқыл газы суспензияға айдалды. Яғни, биобетон қоршаған ортаға тек зиянсыз болып қана қоймайды, сонымен қатар, оның «жетілуі» кезінде СО2-ны сіңіреді. Алынған материал кірпіш немесе басқа құрылыс элементтерін жасау үшін қалыптарға немесе торлы құрылымдарға құйылуы мүмкін. Ол, сондай-ақ, экструдталған немесе қосымша өндірісте, мысалы, ғимараттар мен құрылыстарды 3D басып шығаруда пайдаланылуы мүмкін. Қазіргі уақытта ғалымдар тобы материал өндірісін кеңейту және оның экологиялық тазалығын арттыру мүмкіндігін қарастыруда.
Батыс Австралияның Шарк шығанағындағы заманауи строматолиттер. Дереккөз: Уикимедиа электронды энциклопедия
Ұқсас материалдар:
«Жарықшақ пайда болғанда бактериялар көмегімен қалпына келетін бетон жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jaryqshaq-paida-bolganda-bakteriyalar-komegimen-qalpyna-keletin-beton-jasaldy-19460/#gsc.tab=0);
«Жарықшақтанған жері өздігінен қалпына келетін бетон жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jaryqshaqtangan-jeri-ozdiginen-qalpyna-keletin-beton-jasaldy-video-15376/#gsc.tab=0);
«Жеңіл бетон құйылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jenil-beton-quiyldy-18534/#gsc.tab=0);
«Жарықшақ түскен керамиканың шытынаған жері өзі бітеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jaryqshaq-tusken-keramikanyn-shytynagan-jeri-ozi-bitedi-video-15741/#gsc.tab=0);
«ДНҚ мен шыныдан болатқа қарағанда төрт есе берік материал жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-men-shynydan-bolatqa-qaraganda-tort-ese-berik-material-jasaldy-18958/#gsc.tab=0)