Ғалымдар алғаш рет өсімдіктің қалай ұрықтанатынын таспаға тартып алды (видео)
Ғалымдар алғаш рет өсімдіктің қалай ұрықтанатынын таспаға тартып алды (видео)
6 жыл бұрын 4818 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биологтар өсімдіктің ұрықтану процесін таспаға тартып алды. Өсімдік тозаңында асырулы жататын аталық ұрық өздігінен қозғала алмайды. Сол себепті, өзге өсімдіктің жасушасына "тозаң құбыры" арқылы тасымалданады. Бұл құбыр өз кезегінде ұрықты аналық жұмыртқа жасушасына жеткізу үшін жасуша қабатына өтуі тиіс. Инвазивтік құбыр тез өсетін жасушалардан тұрады: сағатына 2 сантиметрге дейін өсу жылдамдығына ие әрі ұзындығы 30 сантиметрге дейін жетпек. Ғалымдар тозаңды құбырды білгенімен олардың қозғалу процесінен хабарсыз болатын. Канаданың Монреал қаласындағы Макгилл университетінің ғалымдары түрлі түсті гүлдердің микроскопикалық клапанына бекітілген титтей микрочипті пайдалана отырып, осы бағытта талмай зерттеу жүргізген. Ғалымдар ұрықтану процесін мұқият зерделеуге мүмкіндік беретін тозаңды құбырдың қимыл-қозғалысын қадағалаған еді. Тозаңды құбыр жұмыртқа жасушасына ету үшін өсімдіктің көптеген жасуша қабаттарынан өтуі тиіс. Айта кету керек, жұмыртқа жасушасы тереңде орналасқан. Сол себепті, тозаңды құбыр қимыл-қозғалысқа келуі үшін пайдаланылатын сұйықтық қысымы автокөлік доңғалағының ішіндегі ауа қысымымен бірдей. Салыстырмалы түрде алғанда. Канадалық биологтар, сондай-ақ, тозаңды құбырдың қозғалыс бағытын өзгерте алатынын аңдаған. Жолындағы кедергілерді айналып өтуі үшін. 

 

0 пікір
Мұрағат