Ғалымдар ағашқа көмірқышқыл газын сіңіріп, оны ағашта «ұстап» тұру жолын тапты
Ғалымдар ағашқа көмірқышқыл газын сіңіріп, оны ағашта «ұстап» тұру жолын тапты
2 жыл бұрын 1754 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Райыс университетінің Мұхаммед Махман есімді материалтанушы ғалымы бастағап топ энергияны үнемдейтін, дәлірегі, энергияны көп қажет етпейтін көмырқышқыл газын аулаудың мейлінше тиімді жолын тапты. Тарқатып айтсақ, аталмыш тәсілді кеңінен қолданып, ауқымды деңгейде қолдануға болады (тиімділігі осында), екіншіден, бұл технология ағашты берік етеді. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы технология туралы жазған Cell Reports Physical Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Материалтанушы Мұхаммед Рахман және оның әріптестері көмірқышқыл газын ұстайтын кристалды кеуекті материалдың молекулаларын ағашқа қосудың жолын тапқан екен. «Ағаш - тұрақты, яғни, жаңартылатын (орнына келетін) құрылыс материалы, оны біз қазірдің өзінде кеңінен қолданамыз. Біздің инженерлік ағаштар әдеттегі өңделмеген ағашқа қарағанда берігірек келеді», деді Мұхаммед Рахман. Бұған қол жеткізу үшін ағашқа беріктік беретін целлюлоза талшықтарының желісі алдымен «делигнификация» деп аталатын процесс арқылы тазартылған. «Ағаш үш негізгі компоненттен тұрады: целлюлоза, гемицеллюлоза және лигнин. Ағашқа түс беретін лигнин, сондықтан лигнинді алып тастағанда ағаш түссіз болып қалады. Лигнинді жою - экологиялық таза заттарды қолдану арқылы екі сатылы химиялық өңдеуді қамтитын өте қарапайым процесс. Лигнинді алып тастағаннан кейін біз гемицеллюлозаны кетіру үшін ағартқышты немесе сутегі тотығын қолданамыз», деп түсіндірді ғалым. «Содан кейін тазартылған ағашты Калгари 20 қаңқасы (CALF-20) деп аталатын органометалл қаңқасының немесе MOF микробөлшектері бар ерітіндіге маламыз. MOFs - көміртегі диоксиді молекулаларын олардың кеуектеріне сіңіру қабілеті үшін пайдаланылатын сорбенттік материал. «MOF бөлшектері беткі жағында өзара әрекеттесу арқылы целлюлоза арналарына оңай қосылады және бекітіледі», - деді аталмыш зерттеуге атсалысқан Сумиабрата Рой. MOF – антропогендік климаттың өзгеру мәселесін шешу үшін әзірленген көміртекті алудың бірнеше жаңа технологияларының бірі. «Қазіргі уақытта көмірқышқыл газын сіңіретін материалдарды пайдалану үшін биологиялық ыдырайтын тұрақты субстрат жоқ. Біздің MOF күшейтілген ағаш көмірқышқыл газының әртүрлі қосымшаларында сорбентті қолдану үшін бейімделгіш тірек платформасын қамтамасыз етеді», - деді Мұхаммед Рахман.

0 пікір
Мұрағат