Ресей ғалымдары адамның кез келген қан тобын алмастыра алатын препарат шығарды.
Ғалымдар адамның қанын алмастыратын зат ойлап тапты
|
Бұл препарат адамның қанын алмастырып, өмірін құтқарып қала алады. Бірегей ПАМ-3 полегемоглабинін сақтау үшін ерекше жағдай жасау қажет емес. Оны әртүрлі жарақаттарды, ауруларды, тіпті сәуле ауруларын да емдеу барысында қолдануға болады.
Ғалымдар қан алмастырушы затпен қоса арнайы оптикалық тасымалдаушы - «мәңгілік» флешка да әзірлеуде. Оны оптикалық жад десе де болады. Мұндай жадқа тез жазба жазылып, деректер де тез сақталады. Тасымалдаушы сыртқы әсерлерге, мысалы жоғары температураға (800 градусқа дейін) немесе радиацияға төзімді.
Қанды алмастыратын зат пен оптикалық жадыны Менделеев атындағы химия-технология университетінің мамандары Ресейдің Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша әзірлеуде.
Сарапшылардың болжауынша, келешекте қан алмастыратын препарат пен «мәңгілік» флешка Ресейдің әскері үшін ғана емес, жалпы қолданысқа шығарылуы мүмкін.