Ғалымдар адамның «жасуша атласын» жасады (видео)
Ғалымдар адамның «жасуша атласын» жасады (видео)
2 ай бұрын 504 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Осыдан сегіз жыл бұрын Human Cell Atlas консорциумы 37,2 трлн жасушадан тұратын бүкіл адам организімінің картасын жасау мақсатын қойған. Қазір ғалымдар жобаның алғашқы кезеңінің аяқталуға жақын қалғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы 24Gadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей бастама авторлары талай жылғы қажырлы еңбек пен күш-жігердің нәтижесінде таңғажайып бейнені өмірге әкелді – «Жасуша атласы» деп аталатын. Тек бір-екі ағзамен шектеліп қалмай, буындарды, ас қорыту жүйесін, ми, т.б. ағзаларды зерттеуге ден қойды. 30-дан аса ғалымнан құралған топ ұрықтан сүйектің даму картасын жасады, онда бас сүйектің біреге қалай қалыптасатыны егжей-тегжейлі баяндалған. Негізгі мақсат – медицинаны жаңа белеске көтеретін аурулардың даму тетіктері мен терапияның тиімділігін тереңірек түсіну.

 

0 пікір
Мұрағат