Ғалымдар адам миының температурасын анықтады
|
Бұрын ғалымдар басы зақымдалған немесе басынан жарақат алғандар миының темпеатурасын ғана өлшейтін еді, ал мидың жылып кетуі бұл ағзаның ауруға шалдыққанынан, яғни, патологиясы бар екенінен хабар беретін. Бұл жайында islam.kz порталы Brain ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяудағы зерттеу мидың бұрын ойлағаннан да көп қызып кететінін анықтады. Ғалымдар мұны патология емес, адамның осы ағзасының қалыпты жұмысының дәлелі, деп санайды. Мидың бұлай жылып кетуін мидың зақымдануының белгісі деп те қарастырады. Ғалымдар осы жолғы зерттеуде 20-40 жас аралығындағы дені сау 40 адамның миының температурасын инвазивті емес өлшеу үшін магниттік резонансты спектроскопияны - магнит өрістерін пайдаланып, химиялық заңдылықтарды өлшеу әдісін қолданған. Ғалымдар мидың орташа температурасы 38,5 градус екенін анықтады, бұл көрсеткіш тіл астындағы температурадан 2 градусқа жоғары. Температура күннің уақытына, мидың күйіне, жасына, жынысына және етеккір цикліне байланысты өзгеріп отырады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесінде әйелдердің миы ерлерге қарағанда орта есеппен шамамен 0,4 градусқа жылы болатыны белгілі болды. Бұл құбылыс етеккір циклімен байланысты болуы мүмкін. Мамандар жазып алған ең жоғары ми температурасы - 40,9 градус. Температураның тәуліктік ауытқуы шамамен 1 градус болды. Бұған қоса, адам жаасы ұлғайған сайын миының температурасы да жоғарылай беретіні анықталды. Бұдан бөлек, ми температурасының ауытқуы болашақтағы ықтимал ми ауруының биомаркері де болуы мүмкін екенін ғалымдар жоққа шығармайды.