Ғалым шлактарды өңдеу әдісін ойлап тапты
Ғалым шлактарды өңдеу әдісін ойлап тапты
3 ай бұрын 992 bag.kz

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Өтеген Сариев феррохром өндірісінің үйіндіде жиналған шлактарын қайта өңдеп кәдеге жарату және шлактарды ыдыраудан тұрақтандыру әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жазды.

Ғалымның айтуына қарағанда, шлактың құрамында 44-52% СаО және 22-27% SiO2 болғандықтан, төмен көміртекті және орташа көміртекті феррохромды балқыту кезінде, шлактар температура төмендеген кезде ұсақ түйіршікті ұнтаққа айналады, бұл қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Өкінішке қарай, аталған жағдай осындай қорытпаларды өндіретін барлық зауыттарда орын алуда. Сондықтан зерттеуші шлактарды ыдыраудан тұрақтандыру үшін Атырау облысындағы Индер кен орнының борат кендерінен алынған бор ангидридін пайдалану тиімді екенін баса айтып отыр, - деп жазды ол.

Ғалымның айтуынша, университет базасында жүргізілген зерттеулер барысында бор ангидридін өндіріп, балқытып, төмен және орта көміртекті феррохромды балқыту кезінде алынатын шлактарға қосқан. 

Нәтижесінде оның өздігінен ұнтақталудан тұрақтандыру жағдайы орын алды. Бұл сынама жұмыстары кезінде шлактарды ары қарай өндірісте қолдануға мүмкіндік туғызған. Оған қоса Өтеген Сариев Феррохром өндірісінің шлактарын қайта өңдеу арқылы тиімділігі жоғары шикізат базасын кеңейтіп, шлак үйіндісін жою негізінде өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға болатынын атап өтті, - деді  Саясат Нұрбек.

0 пікір
Мұрағат