Футуристік шлем тек қызуы жоғары адамдарды табуға көмектесіп қоймай басқа қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік береді (видео)
Футуристік шлем тек қызуы жоғары адамдарды табуға көмектесіп қоймай басқа қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік береді (видео)
5 жыл бұрын 2251 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай полициясы камерасы мен тепловизоры бар «ақылды» шлемге ие болды. Ұзаққа созылатын падемия кезінде футуристук құрылғы тобырдың арасынан жұқпалы індетке шалдыққан адамды табуға әрі осылайша аурудың таралуының алдын алуға көмектеседі. Бұл шлемді тек полиция өкілдері ғана емес, сонымен қатар, жұқпалы індетпен күресте алғы шепте жүрген медицина қызметкерлері мен көлік жүргізушілері де пайдаланады. Қытайдың KC Wearable фирмасы құрастырған N901 смарт шлемінде  ARM-процессоры, камера және инфрақызыл датчигі бекітілген. Бұлар өз кезегінде қашықтан екі метр қашықтан дене қызуының қалыпты темперарутарадан Цельсия бойынша 0,3 градустан асқандарды тануға мүмкіндік бермек. Нәтижесі экранға шығады. Адамға жанаспай-ақ дене қызуын өлшеуге мүмкіндік беретін құрылғының көмегімен, сондай-ақ, QR-кодты сканерлеуге, қараңғыда автокөліктің нөмірлік белгісін, адамның жүзін тануға болады. KC Wearable компаниясының өкілдері мәлімдегендей, барлық ақпарат сыртқа шықпайды, яғни, өзге құзырлы орындарға берілмейді, шлемнің өзінде сақталады. Қазірдің өзінде мұндай құрылғының шамамен 1000 данасы қолданыла бастаған. Шлемнің бағасы 7000 доллар. Бұл құрылғыға Нидерланды мен Италиядан сұраныс түсіп жатыр. Бұдан бөлек, «ақылды» шлеммен Дубай полициясы жарақталып үлгерген. Десе де сарапшылар бұл шлемнің тиімділігіне күмәнмен қарап отыр. Адамның дене қызуы аурудан емес, басқа себептерден де көтерілуі мүмкін ғой – қатты қимыл мен қозғалыстан, т.б. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Алыстан адамның дене қызуын өлшеуге мүмкіндік беретін көзілдірік жасалды (фото)» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/alystan-adamnyn-dene-qyzuyn-olsheuge-mumkindik-beretin-kozildirik-jasaldy-foto-13546/#gsc.tab=0) атты жаңалығымызда осы құрылғыға ұқсас, алайда, тобыр арасында ауру адамды айналып өтуі үшін қарапайым азаматтарға арналған, ауру белгісін тануға көмектесетін көзілдірік турасында айтып өткенбіз.

  

0 пікір
Мұрағат