Есірткі секілді тәуелділікті тудырмайтын, ауруды сезіндірмейтін анестетик табылды
|

Австралиялық ғалымдар осы құрлықта тіршілік ететін улы өрмекшіден пайдалы нәрсе алуға қол жеткізді. Дәлірегі, ғалымдар әсері аса күшті анестиктің жаңа түрін алды. Ең маңыздысы – ол әдеттегі медициналық опиод секілді тәуелділікті тудырмайды. Квинсленд университетінде улы өрмекшілермен тәжірибелердің жүргізіліп келе жатқанына бірталай жылдың жүзі болды. Тарқатып айтсақ, 2017 жылы ғалымдар профессор Гленна Кингтің жетекшілігімен өрмекшінің уынан инсульт нәтижесінде мидың зақымдалуын азайтатын өзіндік ерекшелігі бар пептид бөліп алған болатын. Ауруды басатын жаңа дәрі өте улы қытайлық Haplopelma schmidti өрмекшінің уынан алуға қол жеткізді. Бұл Haplopelma schmidti өрмекшісінің тек біреуінен ғана дәрінің көп мөлшерін алуға мүмкіндік береді. Өте белсенді заттың азғантай мөлшерінің өзінен талай дәрі жасауға болады. Болашақта австралиялық ғалымдар жергілікті фаунадан осындай жетістікке қол жеткізуге бел байлап отыр. Осынау өрмекші тобы өкілінің уынан жануардың денесіндегі ауру тудыратын рецепторлармен байланыса алатын Huwentoxin-IV ерекше ақуыз бөліп алған болатын. Аталмыш ақуыз өрмекші жемтігінің рецептор қызметін бұғаттайды, осылайша өрмекшіге ауруды сезінбейтіндіктен көп қарсыласып, әуреге салмайтын жемтігін емін-еркін жәукемдеуіне көмектеседі. Ғалымдардың айтуынша, мұндай дәрінің өзіне тәуелді етпеуден бөлек, организмге тигізер кері әсері болмайды. Яғни, осындай екі тиімді жағымен ғалымдардың назарын өзіне аударып отыр.




