Ерте қартаюға апаратын фактор анықталды
Ерте қартаюға апаратын фактор анықталды
4 жыл бұрын 9091 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Биологтер қан түйіршіктеріндегі оттегіні босатуға жауапты ақуыздың жетіспеушілігінің қандай салдары болатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған PLOS Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақуыз тапшылығынан адамның конгнитвитвті қабілеті төмендеп, ерте қартаюға бастайды. Америкалық және қытай ғалымдары бұл бағытта тышқанға арнайы жүргізілген тәжірибе барысында кеміргіштің бойында ADORA2В ақуызы азайғанда жадысы мен есту қабілеті нашарлап, миы қабынған әрі қартаю процесі шапшаң жүрген. ADORA2B аденозиндік рецептор эритроцит (қан  түйіршігі) мембранасының құрамында болады, ол қаннан оттегінің шығуын қамтамасыз етеді. Оның мөлшері жас ұлғайған сайын кеми береді. Қан түйіршігі, соның ішінде ADORA2B қан түйіршігінің сигналды каскады организмдегі әр жасушаны биологиялық энергиямен қамтамасыз ету үшін оттегіні жеткізуде маңызды рөл ойнайды. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеуін одан ары жалғастырады - ADORA2B деңгейі жас ұлғайған сайын табиғи жолмен төмендейтінін немесе төмендемейтінін анықтауға кіріседі, бұдан бөлек, кәріліктің алдын алу үшін оны емдеуге келе ме, жоқ па, осы жағын да зерделейтін болады.

Ұқсас материалдар: 

"Қартаюдың үш кезеңі анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qartayudyn-ush-kezeni-anyqtaldy-15137/#gsc.tab=0);

«Қартаю процесінің үш кезеңі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qartayu-protsesinin-ush-sheshushi-kezeni-ataldy-14059/);

«Кәрілікті тежейтін екі түрлі дәрі жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/karilikti-tejeitin-eki-turli-dari-jasaldy-15047/#gsc.tab=0);

«Тұңғыш рет адамның қартаю процесін тежеудің жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungysh-ret-adamnyn-qartayu-protsesin-tejeudin-joly-tabyldy-14436/#gsc.tab=0);

«Қартаю процесі баялуп келеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qartayu-protsesi-bayaulap-keledi-14524/); 

 

0 пікір
Мұрағат