Электр энергиясын сымсыз тасымалдаудың жаңа тәсілі табылды
Электр энергиясын сымсыз тасымалдаудың жаңа тәсілі табылды
4 жыл бұрын 9337 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландиялық Emrod стартапы электр энергиясын қашықтан сымзы әрі қауіпсіз жолмен берудің тың әдісін тапты. Қазіргі уақытта аталмыш компания бұл технологияны ел аумағындағы электр энергиясын тарату жүйесіне қосу жұмыстарын бастап та кетті. Қазіргі уақытта Emrod осы технология негізінде жасалған құрылғының прототипі бар, ендігі жерде Жаңа Зеландиядағы  аса ірі газ бен электр энергиясының дистрибьюторы Powerco үшін тағы бір құрлығыны жасауды жоспарлап отыр. Осы жылдың қазан айында аталмыш стартап жаңа прототипті аяқтап, оны зертханалық тестен өткізіп, ашық далада сынауға кіріседі. Құрылғы прототипі  қуаты бірнеше киловатт болатын электр энергиясын жеткізе алады, оны жеткізу аумағын да ұлғайтуға болатынын айтып отыр компания өкілдері. «Біз тура осындай технологияны қуаты 100 есе жоғары электр энергиясын алыс қашықтыққа жеткізу үшін пайдалана аламыз»,- деді Emrod-тың негізін қалаған Грег Кушнир. Аталмыш жүйе сигналды қабылдайтын, жеткізетін антенна, реле және ректенна секілді толып жатқан құралдармен жабдықталған. Осы аталған генераторларда пайдаланылатын толқындар спектрі өнеркәсіп, ғылыми, медициналық кәсіпорындар жиілігімен, сондай-ақ, Wi-Fi және Bluetooth-те пайдаланылатын жиіліктерде тоғысады. Бұл жүйеде, сонымен қатар, энергия көзін дереу ажырататын арнайы сақтандырушы құрылғымен де жабдықталған. Ол қандай да бір нысан (ұшып келе жатқан құс немесе дрон) жақындаған кезде іске қосылады. Бұл технология кез келген ауа райында, соның ішінде, тұман түссе де, жаңбыр жауса да, дауыл соқса да, борын тұрса да, қысқасы, ауа райындағы барлық қолайсыздықтарға қарамай жұмыс істей береді. Бұл жүйе жаңғыртпалы энергия көздері үшін пайдалануға қолайлы әрі электр энергиясы болмай қалған жерде таптырмайтын құрылғы.

0 пікір
Мұрағат